Қапшағай ГЭС лимон бағының мол өнімі

Жаңа жыл қарсаңында Қапшағай ГЭС жұмыскерлері лимондардың жақсы өнімін жинады. Атаулы лимон бағы Қапшағай ГЭС әкімшілік ғимараты мен машина залы ортасында орналасқан.

Лимон бақшасында болу, керемет. Біз қыс мезгілінде лимон бағынан цитрус хош иісімен рахаттанамыз. Нағыз лимон өте хош иісті – дейді Өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері Ольга Чанцева. Қапшағай ГЭС лимон бағы 1996 жылы Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Виктор Андреевич Ивановтың бастамасымен жүзеге асырылды.


Бастапқыда лимондардың әртүрлі сорттарын және жеміс ағаштарын өсіруге тырысты, бірақ лимондардың тек бір сұрпы ғана тамыр алды. Содан бері 20 жылдан астам уақыт бойы Қапшағай ГЭС жұмыскерлері өз цитрустарын мақтан етеді.

- Хош иісті ауа, тропикалық флораның ғажабы бізге жағымды көңіл-күйлер мен керемет әсер береді. Көптеген жылдар бойы лимондарды үлкен жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен күтіп баптаған өндірістік орын - жайларды жинаушы Галина Егоровна Кожушкоға алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті шаруашылық меңгерушісі Гүлжан Бахтыбаева. Қапшағай ГЭС-інде бірінші лимонның пайда болу күні белгісіз. Қазіргі таңда 9 ағаш жыл сайын станция жұмыскерлерін хош иісті жемістерімен қуантып, көңіл-күйлерін көтереді.