Алматы 1-ЖЭО: тарихы және заманауи кезеңі

Алматы 1-ЖЭО 1935 жылы пайдалануға енгізілді. Бірінші агрегат 1935 жылдың 25 қазанында өнеркәсіптік жүктемеге қойылды.

Станция Ленгер қоңыр көмірін жағуға жобаланған. Кен орны Шымкент қаласынан 35 км жерде орналасқан.

- Суретте бірінші көмір қоймасы бас корпустың оңтүстік жағынан түсірілген. Бірінші көмір қоймасының сыйымдылығы 13 мың тонна. Көмір қоры 12 айға жетеді. 30-40 жылда электр станциясын күл шығарудың ерекшелігі – «ат тасуы» - күлді су астынан жүк көлігі арқылы шығару,-дейді 1-ЖЭО Бас инженері Алексей Ким.

ХХ ғасырдың 60-шы 70-ші жылдары станциясын кеңейтудің төртінші және бесінші кезегі жүзеге асырылды. Сыйымдылығы 250 мың жаңа көмір қоймасы құрылды. Жаңа қазандықтар үшін Қарағанды көмірі шахтасы жобалық отын өндіруші болды. Сол уақытта орнатылған жабдық қазіргі уақытта да пайдаланылуда. 2017 жылдың маусымына дейін 1-ЖЭО тас көмірі негізгі отын түрі болды. Жылына 400 мың тонна көмір жағылды. «АлЭС» АҚ басшылығы қазіргі уақытта 1-ЖЭО-ның қаланың орталығында орналасқанын ескере отырып, көмірді жағудан бас тартып, станция толығымен табиғи газды жағуға шешім қабылдады.

1-ЖЭО газ реттеу пункттерін қайта құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, станцияны газға ауыстыру мүмкіндігі туралы мамандандырылған сараптама жүргізілді, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы мәслихаты мен уәкілетті органның табиғи газды 1-ЖЭО жанармайының негізгі түрі деп тану туралы келісімі алынды, - деп атап өтті «АлЭС»АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мухамед-Рахимов.

1-ЖЭО қайта жаңарту жобасында бұрынғы көмір қоймасы аумағының басым бөлігінде газ турбиналарын орнату бойынша қосалқы жабдықтар: компрессорлық станцияны, өртке қарсы су қоймасын, дизель отыны қоймасын орналастыру болжануда.

2019 жылы 22 қазанда Алматы 1-ЖЭО-де станцияның өзгеріс басталды. 1-ЖЭО жазғы кезеңде жылыту маусымынан кейін жоспарлы түрде тоқтатылады. Станция тоқтаған уақытта негізгі және қосалқы жабдықтарға жоспарлы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, бір турбоагрегатқа техникалық диагностика жүргізілді, екі энергетикалық қазандықтың ауа жылытқыш кубтары, үш энергетикалық қазандықтың түтін сорғыштарынан газ жолдары ауыстырылды және т.б;.

Іске қосу сәтінде станция персоналы іске қосу операцияларын жүргізуге дайын болды. Станция жабдықтарын алдын ала сынау жүргізілді.

-Цех бастықтары А.Халелов, О.Жорашов, М.Сәрсембаев, Д.Аймұратов, Г.Копобаева, Д.Жаңбыршы басшылығымен негізгі құрал-жабдықтар жұмысқа қосылды. Жылу беру 22 қазанда шамамен сағат 10:00-де екі су жылытатын қазандықтардан басталады, ал 23 қазанда сағат 13:42-де №10ст. турбогенератор желісіне қосылды. Сондай-ақ, станцияның өзгерісіне «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЖЭО учаскесінің жұмыскерлері тартылды, ол жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті,-деді 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.

Қазіргі уақытта 4 қазандық агрегаты және 2 турбоагрегат жұмыс істеуде. Жұмыс қуаты 65 МВт құрайды, жылу жүйесін қоректендіру – 800 т/сағ, тікелей желілік су температурасы – 67°С. Диспетчерлік өтінімге сәйкес жабдықтар штаттық режимде жұмыс істейді.