АлЭС: дауларды реттеу технологиясы бойынша оқыту

«АлЭС» АҚ-да 2019 жылғы 23 тамызда «Алматы электр станциялары» АҚ-ның келісім комиссия мүшелеріне арналған «Келісім комиссия мүшелеріне еңбек заңнамасының негіздері мен келіссөздер процесінің дағдылары» бағдарламасы бойынша тренинг өтті. Тренинг бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімге бөлінді. «Парасат» медиация және құқық орталығының жаттықтырушылары келісім комиссиясының жұмыс істеу алгоритмін ашып, келісім комиссиясының отырыстарын өткізу кезіндегі келіссөз процесінің тиімді техникасын көрсетті. Оқу барысында қатысушылар өз бетінше жұмыс пен шешімдерді, сондай-ақ үйлесімді командалық жұмысты талап ететін бірқатар практикалық тапсырмаларды орындады.

- «Алматы электр станциялары» АҚ - да Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына жауапкершілікпен қарайды, ұйымда келісім комиссиялары жақсы жұмыс атқарылуда, сонымен қатар комиссия мүшелеріне жыл сайын оқыту жүргізіледі, - деп атап өтті медиация бойынша кәсіби бизнес жаттықтырушы Гульмайдан Урозбаева.

Тренингке қатысушылар жаттықтырушының жұмысын жоғары бағалады. - Тренинг өте жоғары, кәсіби деңгейде өтті. Келісім комиссиясының жұмысы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты, толық ақпарат алдық, - деп өз ойымен бөлісті 1-ЖЭО Бас инженердің орынбасары Мақсат Астаубаев.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар «Парасат» медиация және құқық орталығы сертификатына ие болды.