АлЭС экологиялық челллендж өткізді

2019 жылы 2 тамызда «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлері 2-ЖЭО- БЖК жылу трассасына іргелес аумақты қоқыстан тазартты. Акцияға Батыс жылу кешені мен Бас кеңсенің 32 қызметкері қатысты.

- Біз бұл аумақты үнемі тазалаймыз. Өкінішке орай, Алғабас ауданының жергілікті тұрғындары жеке үйлерінен шыққан қоқысты жылу трассасының құбырына тастайды. Әрбір саналы адам, өзінің тұратын жеріне ластауға болмайтынын түсінуі керек. Өйткені тазалық өзіңнен басталады, - деді БЖК басқарушы директорының орынбасары Әділбек Нысанбаев.

– «Бірге-Таза Қазақстан» акциясы Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді. Мен тазалықты сүйемін. Мен қаланың тазалығын қолдаймын. Мен үшін экологиялық челленджге қатысу өте маңызды.

- Мен біздің кәсіпорынның ұжымымен мақтан етемін! Өйткені, экологиялық акцияны қолдауға, біздің көптеген қызметкерлер келіп қоқыс жинауға ат салысты. Біз таза қаланы қолдаймыз, - деді Пайдалану және жөндеу басқармасының жөндеу қызметінің бастығы Владимир Сизов.

- Мен осындай акцияларға қатысуым алғаш емес. Бұл акцияға қатысқан адам, экологияның ластануына жол бермейді. Біз мұны біздің қаламыз үшін, еліміз үшін жасаймыз, - деді БЖК электр слесарі Дәурен Ақтаев.

Біз таза Қазақстан үшін. Акцияның басты мақсаты - Республикадағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады, - деді БЖК машинисі Дмитрий Харламов.

6 тонна қоқыс жиналды. Бұл челлендж жаз соңына дейін жалғасады.