«АлЭС» АҚ Өндірістегі көп балалы ана

       3-ЖЭО лаборанты отбасы және күнделікті өмірі туралы. «Мектепке кешікпейміз, үйімізде ас әзірлеп, тазалық сақтап, әкемізді ашуландырмаймыз» - дейді өз отбасы туралы көп балалы ана, «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО химиялық талдау зертханасының үшінші дәрежелі зертханашысы Камшат Омарова.

Многодетная семья

       Камшат балалары мен жолдасы жайлы көз алдына тату әрі бақытты отбасы мүшелерінің әрқайсысының келбетін есіне ала отырып, жымия айтады. «Бірде бәріміз Алматыдағы ойын – сауық орталықтарының біріне бардық. Балалардың барлығы да бір мезетте әжетханаға барғылары келді. Бәріміз жапа тармағай кіріп, кезекпен сыртқа шыға бастадық, соңында мен шықтым. Сонда сыртта тұрған бір ер кісі жолдасымнан: «Осының барлығы сенікі ме?» деп таңырқай сұрағаны бар. Жолдасым басын изеді, сонда бейтаныс кісі көп балалы болғанның жақсы екені, әйелі екеуі 12 жылдан бері сәби күтіп жүргендігін айтты. Жүзі жабырқаңқы болды. Балаларымның барлығына алма ұсынды, балалар ұялып, алмады, сосын артынан мен кісіні ренжітіп алармыз, қолын қайтармайық деп ойладым. Рахмет айтып, жақсылықтар тіледім, ішімнен көп балалалы үлкен отбасы болсын деген ниет айттым.

 

Многодетная семья

«Балалар деген үлкен бақыт», - дейді Камшат. 33 жастағы жас ананың төрт қызы және кенже ұлы бар. «Қазақ отбасында «қыз қонақ, ұл мұрагер» деп айтады ғой, біз де, әсіресе күйеуім ұлды қатты күтті. Жансерік туғанда оны шығаруға барлық туыстарымыз келді. Қазір ол екі жаста. Нағыз батыр болып өсіп келеді», – дейді Камшат. Жас ана 3-ЖЭО –да 2012 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істейді. Жұмысы ұнайды, қызықты, ең бастысы, маңызды. Ол реактивтермен жұмыс істейді, талдаулар өткізеді – көмірдің «таза», ауаны ластаушы зиянды заттектерсіз, қоспасыз болуы үшін бар білімін, тәжірибесін пайдаланады. «Ұжымымыз сондай жақсы. Өндірісте, әрине, ер азаматтар көп, алайда, зертхана әйелдер патшылығы. Солай болғаны жақсы да, себебі қыздарымыз ана болу – оңай емес екенін жақсы біледі, түсінеді. Керек кезде қолдау жасап, ауысады. Компаниямызда өзара көмек көрсетудің жақсы үрдісі қалыптасқан», – деп ойын әрі қарай тарқатады Камшат. Жұмыста әріптестерім қол ұшын берсе, үйде бір жағынан күйеуім, бір жағынан енем қолдау жасайды. «Күйеуім ауысыммен жұмыс істейді. Тәулік жұмыс істеп, екі күн демалады. Сондықтан үйде болған кезінде әрдайым балалар қараулы. Асын әзірлеп, ойнатып, ұйықтатады, ертегісін оқып, тіпті жаялығын ауыстырады. Керек болса, емханада кезекте тұрып береді, бала – бақша, мектепке апару, әкелу соның мойнында. Енеммен бірге тұрамыз. Ол кісі зейнетте, немерелерін өте жақсы көреді, күйеуіммен жұмыста болсақ, «байлығымызды» тапсырып кетеміз. Ол кісінің өзінде де төрт қызы, бір ұлы бар. Сондай сәйкестік бар. Кенжеміз Жансеріктің де отбасы үлкен болатын шығар», – деп күлімсірейді Камшат. Үлкен қыздары мектепте оқиды, анасының жұмысына келіп көрген, жұмысы ұнаған. Жаңа жыл мерекесіне келгенде Аяз атадан сыйлық алған. «Үлкенім біздің компанияны тіпті жақсы көреді, себебі өткен жазда кәсіподақ атынан жазда Алматыға жақын жерде лагерьде демалған. Ол жақсы демалып, тамаша әсермен келді», – деді Омарова. Камшат өзінің жұмысын, ұжымын, отбасын ерекше жақсы көреді. Оның сөзіне қарағанда, 10, 15 баланы да тәрбиелеп, өсіруге болады, қасыңда қамқоршы, түсінігі мол, ақылды адамдар болса. Менің бақытыма орай, жұмыста да, үйде де мені сондай адамдар қоршайды» дейді Камшат.

Анель Абулхаирова