«АЛЭС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТТІ

«АлЭС» акционерлік қоғамында үшінші жыл қатарынан «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің жұмыс орындарында қауіп-қатерді бағалай білу және өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін түсіну бойынша үздік қызметкер» конкурсы өткізілуде.  2019 жылы конкурс наурыз айында өткізілді.

Конкурсты өткізуге өндірістік департаменттердің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуы олардың қауіпті өнеркәсіптік объектіде өндірістік міндеттерін орындау кезіндегі өз еңбегіне тән қауіп-қатер және зиян факторларын тану дағдыларын жақсартады. 

Байқауға қатысушылар бұрын болған қолайсыз оқиғалар және жазатайым оқиғалармен қатар, қолайсыз зардаптарды тудыруы мүмкін қауіптерді де ескере отырып, тәуекелдерді бағалай білуін көрсетті.

Конкурс жеңімпаздары Өндірістік департаменттерде құрылған конкурсты өткізу жөніндегі комиссиялармен қызметкерлердің кәсібі мен олардың орындалатын жұмыстарына қатысты тәуекелдерді басқару және қауіптерді бағалау бойынша тапсырмаларды орындау кезінде жинаған ұпайлар саны негізінде анықталды.

«АлЭС» АҚ Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңесі Өндірістік департаменттердің кәсіподақ комитеттерімен бірлесіп «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің жұмыс орындарында қауіп-қатерді бағалай білу және өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін түсіну бойынша үздік қызметкер» конкурсының жеңімпаздарын марапттау туралы шешім қабылдады.

Өндірістік департаменттерде конкурстың өткізілуі, конкурс нәтижелері және жеңімпаздарды құттықтау туралы ақпарат ақпараттық стендтерде жарияланды. 

Өндірістік департаменттерінде өткізілген конкурстың жұмыс сәттері фотосуреттерде:

1 Сурет. ЖЭО-1 конкурсының қатысушылары тапсырмаларды орындау барысында

2 Сурет. ЖЭО-1 конкурсының жеңімпаздарын құттықтау: Е. Ұзақов, М.Теміров, А.Сидоров.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау:

 3 Сурет. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау: ЖДЦ аға шебері В.Смык

4 Сурет.БжТҚҚЦинженері А. Ахметалланы марапаттау

 

 

5 Сурет. Аппаратураны жөндеу бойынша электрмонтері Ф.Масимовты марапаттау

 6 Сурет. ЖЭО-3 конкурс қатысушылары. ЖЭО конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

7 Сурет. Екінші орын - ТЦ ауа бөлу қондырғысының аппаратшысы Т.Толмачев

 8 Сурет. Бірінші орынЭЦ электрмонтері А.Турабаев

 9 Сурет. Үшінші орын – ЖажӨЦ электрослесарі Д.Гробовский

 10 Сурет. Конкурс жеңімпаздарының бірін марапаттау - Батыс жылу кешеніқазандық жабдығының аға машинисті Е.Немченко