Сенімділік пен сапаға инвестиция жұмсау (2014 жылы «АлЭС» АҚ мен ҚР ЭМ арасындағы Инвестициялық келісімді орындау)

ҚР Энергетика министрлігімен жасалған 24.12.2014ж. №434 қосымша инвестициялық келісімге сәйкес «АлЭС» АҚ 2014 жылға арналған инвестициялық міндеттемелері 15 479,2 млн.теңге мөлшерінде қарастырылған, соның ішінде меншікті қаражат 8 030,3 млн. теңге және қарыз қаражат 7 448,9 млн. теңге. Оның іс жүзіндегі орындалуы 18 425,7 млн.теңгені (119,0 %) құрады, соның ішінде меншікті қаражат есебінен 8 042,9 млн. теңге және қарыз қаражат есебінен 10 382,8 млн. теңге.
Инвестициялық келісім шеңберінде келесі негізгі шаралар жүзеге асырылды:
• өндіріс көлемін арттыруға бағытталған, соның ішінде:
- Қапшағай ГЭС төменгі бьефіндегі арнаны тазарту. Жобаны жүзеге асыру төменгі бьеф тіреуін төмендету есебінен Капшағай ГЭС қолданыстағы қуатын 2,5МВт арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте электр энергиясын қосымша өндіру жылына 16 млн.кВт*сағ. дейін артады.
- 2016ж. І тоқсанында аяқтау жоспарланған «Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. ІІІ кезек. №8 ст. Қазан агрегаты» жобасы бойынша құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру электр энергиясының қосымша жылдық өндірісін жылына 448,5 млн. кВтсағ. және жылу энергиясының берілісін жылына 1 149,4 мың Гкал жеткізуге мүмкіндік береді.
- «Газға ауыстыра және ГТҚ орната отырып, 1-ЖЭО қайта құру және кеңейту» жобасының жобалау –сметалық құжаттамасын әзірлеу кезеңі аяқталуға жақындады. Жобаны жүзеге асыру 1-ЖЭО табиғи газ жағуға ауыстыру есебінен станцияның қала экологиясына әсерін төмендетеді. Электр энергиясын өндіру 422 млн.кВт*сағ. және жылу энергиясын өндіру 728 мың Гкал құрайды;
• өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған,соның ішінде: 1-ЖЭО және 2-ЖЭО меншікті су алғыларының құрылысы; 2-ЖЭО Көк-Өзек су қоймасынан су алатын құрылыстар мен гидробекет құрылысының жобасы;
• өндіріс деңгейіне қолдау көрсету бойынша,соның ішінде: 2- ЖЭО негізгі бу құбырын (І кезек) қайта құру; 1-ЖЭО №8 турбоагрегатының №6 және №7 жоғары қысымды жылытқышын ауыстыру; 2-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС электр техникалық жабдығын, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын қайта құру; 3-ЖЭО №2 көмір қышқылы ресиверлерін ауыстыра отырып, қайта құру; Қапшағай ГЭС №2 пайдаланылатын су тастам тоннелінің бетонды іргесінің бетін қалпына келтіре отырып, қайта құру; Қапшағай ГЭС ғимараттар құрылымын сейсмо күшейте отырып, гараж бокстарын қайта құру; 3-ЖЭО және Каскад ГЭС объектілерін күзету бойынша техникалық шаралар.
• табиғат қорғау шаралары, соның ішінде: 2-ЖЭО қазан агрегаттарының жанарғы құрылғылары жаңартылды.
• күл үйме құрылысы, соның ішінде: 2-ЖЭО күл-қож жоюдың құрамдастырылған жүйесі (4- технологиялық кезең); 3 - ЖЭО күл үймесін қайта құру және кеңейту (1- кезең).
Атқарылған шаралардың нәтижесі:
- электр энергиясын өндіруді 61 076 мың кВт*сағ. арттыру есебінен «АлЭС» АҚ белгіленген электрлік қуатын пайдалану коэффициенті жоспарлы шамамен салыстырғанда 0,6%-ға артты және 46,4%-ды құрады.
- 2-ЖЭО қазан агрегаттарындағы азот тотықтарының, «АлЭС» АҚ энергия көздерінің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсері 7 990 тоннадан 7 805 тонна/жыл төмендеді.
- жөндеу компанияларын уақтылы өткізу есебінен технологиялық бұзушылықтар саны 148 – ден 134 –ке (9,5%) дейін азайды.
«АлЭС» АҚ инвестициялық бағдарламасына енгізілген шаралар, энергия көздері өндірісінің ағымдағы деңгейіне қолдау көрсетуге, қолданыстағы активтерді қайта құру және техникалық жарақтандыруға, табиғатты қорғау шараларын орындауға, энергия сақтау бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

 


 

«Алматы Электр Станциялары» АҚ «Самұрық - Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы және Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағын шамамен 70% жылумен және 72% электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
«АлЭС» энергетикалық кешенінің құрамы: 1- ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік - жөндеу кәсіпорны, ОҚТО.