Исмухамбетов Газий Жумабаевич – Өндіріс жөніндегі Басқарушы Директор – Бас инженер

IMG 4967

Туған күні – 20.07.1960 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі – жоғары: Алматы энергетикалық институты, бітірген жылы-1982 ж.

Мамандығы – инженер-электрик

Үлестес компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

 

Жұмыс тәжірибесі:

2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «АлЭС» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры – Бас инженері;
2013-2019 жж. – «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасының Өндіріс жөніндегі орынбасары – Бас инженері;
2012-2013 жж. – «АлЭС» АҚ Бас инженері;
2012 ж. – «АлЭС» АҚ Бас инженердің орынбасары;
2002-2007 жж. – «АПК» АҚ (ОДҚ) орталық диспетчерлік қызметінің диспетчері, Бас диспетчері, орталық диспетчерлік қызметінің бастығы;
1986-2002 жж. – «АПК» АҚ Алматы 2-ЖЭО кезекші электр монтері, кезекші аға электр монтері, электр цехының ауысым бастығы, ауысым бастығы;
1984-1985 жж. – Алматы энергетикалық институтының жоғары кернеулер техникасы кафедрасының инженері.

Марапаттары мен атақтары:

2008 ж. – «АлЭС» АҚ грамотасы;
2009 ж. – Алматы қ. Әкімінің құрмет грамотасы;
2010 ж. – «Самұрық-Энерго» АҚ құрмет грамотасы;
2010 ж. – Қазақстан Республикасы ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі.
2016 ж. – Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі;
2020 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы, «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалі;
2021 ж. – Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты.

Қоғамда жауап беретін мәселелер шеңбері:

Қоғам қызметінің келесі бағыттары бойынша жұмыстардың, құжат айналымы мен есептің сапасы мен мерзімінде орындалуына бақылауды жүзеге асырады, басқарады:

1) өндірістік департаменттердің электр және жылу энергиясын өндіруі мен жіберуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) нарықтық экономика жағдайында Қоғамның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын, қолданыстағы өндірістің қайта құрастыру жолдары мен техникалық қайта жасақтау жолдарын, өндірістің келешекке мамандану деңгейін анықтау;
3) өндірісті техникалық даярлаудың қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) Қоғамның энергетикалық жабдықтарын, ғимараттарын, құрылыстарын және инженерлік коммуникацияларын уақтылы және сапалы жөндеуді, жаңғыртуды ұйымдастыруды бақылау;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау (конструкторлық және технологиялық) ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен өндірістің жаңа техникасы мен технологиясын әзірлеуге, кәсіпорынды, оның бөлімшелерін реконструкциялау жобаларына, жабдықтарды жаңарту мен жаңғыртуға, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне арналған шарттарды қарауды және келісуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру техникалық қайта жарақтандыру жобаларын әзірлеу, қарауды ұйымдастыру және енгізу, әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру, жобалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
6) өндірістік департаменттердегі техникалық қызметтер мен тарифтік-біліктілік комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, олардың жұмыс нәтижелерін, қарамағындағы бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылау;
7) Қоғам жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мәселелері бойынша персоналды даярлау бөлімінің жұмысын үйлестіру;
8) өнімді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау, жұмыс орындарын аттестаттау мен рационализациялау, метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
9) техникалық құжаттаманы (сызбалар, ерекшеліктер, техникалық шарттар, технологиялық карталар)уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
10) Қоғамдағы рационализаторлық жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
11) өз құзыреті шегінде нұсқаулар шығару;
12) Қоғамның Басқармасы Төрағасының бұйрықтарымен, басқарма және директорлар кеңесінің шешімдерімен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру

Жұмысын басқарады және бақылайды:

  • Техникалық басқармасының;
  • Пайдалану басқармасының;
  • Жөндеу басқармасының;
  • ЭКЕАЖ, метрология және байланыс басқармасының;
  • Диспетчерлік басқармасының.

Өндіріс жөніндегі Басқарушы директор – Бас инженердің функционалдық қарамағында өндірістік бөлімшелер департаменттерде орындайтын өндірістік міндеттер мен функциялар бойынша Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары мен бас инженерлері болады.