Егжей-тегжейлі қарастырылған кемел. Еңбек жағдайларын одан әрі жақсарту «Алматы электр станциялары» АҚ-тың басты міндеті болып 2012 жылы жарияланған

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселесі жайлы қызыл кеңірдек болды.

Сондықтан өз өндірісінің іргетасы ретінде адам құндылығын қабылдаған әрбір отандық компания эталон болып табылады. 2012 жылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Астанада өткен халықаралық «KIOSH-2012» конференциясында және көрмеде осы саладағы өз жетістіктерін көрсеткен «Алматы электр станциялары» АҚ еңбекті қорғау саласында республикалық көшбасшы болды. Компания «Сенім» байқауының «Жылдың үздік қауіпсіз компаниясы» номинациясында I орынға ие болды.

Кәсіпорынның табысын қамтамасыз ететін тек адам. Осындай постулатты басшылыққа ала отырып, «АлЭС» АҚ 2011 жылы кәсіпорында еңбекті қорғауға 126.6 млн теңге бөлді.

2011 жыл ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің халықаралық OHSAS 18001 стандартын енгізу бойынша көп еңбек етілді. Еңбекті қорғау ішкі корпоративтік бағдарламасы мынадай үш китті сүйенеді: денсаулық сақтау, ақпарат беру және оқыту, техникалық жаңарту.

Өндірістік департаменттерде қиын және қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өткізілді.

2011-2012 жылдар бойы барлық бөлімшелерде медициналық пункттер ұйымдастырылды, әрбір ауысымның алдында қызметкерлер міндетті түрде медициналық куәландырудан өткізіледі. Өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін болатын барлық қызметкерлер (3 341 адам) заң талаптарына сәйкес сақтандырылды. Жалпы сақтандыру сомасы – 59.4 млн. теңге.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін персоналға сүт, сабын, медициналық дәрі қобдишасы мен дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Сүтпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар 38.7 млн. теңгені құрайды.

Персоналды тұрақты түрде хабардар етуге де үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, сенімділік пен еңбекті қорғау жөніндегі бақылау басқармасы шолулар, ақпараттық хабарлар, жазатайым оқиғаларды, аварияларды болдырмау бойынша әдістемелік нұсқамалар және т.б. шығарады. Барлық басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар осы саладағы оқудан және білім тексерісінен өтті. Қызметкерлер міндетті түрде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері бойынша оқудан өтеді.

«12 күнгі қауіпсіздік техникасы» жобасы және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама әрбір цехте ай сайынғы дәстүрге айналды. 2011 жылы барлық жерде еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестаттау ұйымдастырылып жүргізілді. Тұрақты негізде жұмыс орындарында нормалар мен қағидаларға сәйкестігіне күтпеген, жоспарлы және кешенді тексерулер өткізіледі. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау инспекторлары күн сайын жұмыс орындарына дұрыс рұқсат беруді, жұмыс орнын дайындауды, нарядтарды дұрыс жазып беруді, біліктілік куәліктерінің бар болуын тексеріп жұмыс орындарын қарап шығады.

Сол уақытта, техника қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлерге арналған осындай жазалар жүйесі бар: ескертпелер мен сөгістер, сыйлықақыдан айыру, қауіпсіздік техникасының ережелерін білуін кезектен тыс тексеру. Жаза – аясы тар мақсат емес деп айта кету керек. Негізгі мақсат – неғұрлым сипатты бұзушылықтар туралы ақпаратты жинақтау және сол кемшіліктерді жою.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде барлық өндірістік бөлімшелерде сыртқы және ішкі жарықты күшейту, қоқыс және металл сынықтарын тазалау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 2-ЖЭО вагонаударғышында көмір қалдықтарын қолмен тазарту кезінде қызметкерлердің өміріне қаупін азайту үшін қайта құру жүргізілді, 500 метр бойына темір жол қоршаулары қойылды. Бұған қоса жұмыс орындары электр қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Жерасты құрылымдар мен түтіктерде газдың болуын анықтау үшін газ талдауыштар, сондай-ақ қызметкерлерді алғашқы медициналық реанимациялық көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін «Гоша» робот-тренажерлері сатып алынды.

Нәтижесі ретінде – 2011 жылы және 2012 жылдың 5 айында «АлЭС» АҚ-та өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар және кәсіптік сырқаттар, сондай-ақ апаттар мен бірінші дәрежелі істен шығу жағдайлары тіркелген емес.

2012 жылы жарақаттану жағдайларын болдырмауға, жабдықтардың технологиялық істен шығу санын қысқартуға, апаттылықты болдырмауға, өткен жылмен салыстырғанда еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелердің бұзылуы санын төмендетуге, қауіпсіздік техникасы кабинеттерін толық жабдықтауға, қызметкерлерді жоғары сапалы арнайы киім мен аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек жағдайларын жан-жақты жетілдіруге назар аударылды.

Алина БЕКИРОВА, Алматы