Жылы, жарық және экологиялық таза!

Алматылық ЖЭО-ларды жетілдіру жоспарлары

Жер шары тұрғындарының басым бөлігі жылусыз және электрсіз өмір сүруді елестету мүмкін емес. Біз коммуналдық қызметтер жасайтын жайлылыққа, оларсыз бір күн де өмір сүре алмайтындай соншама үйреніп қалдық. Тіпті үйде электр энергиясын қысқа уақытқа ажырату немесе жабдықтаудағы іркілестер кезінде қазіргі заманғы тұрғындар үшін әлемдік деңгейдегі апатқа айналады. Ал енді Алматы облысының әрбір тұрғынының үйінде жылы болу үшін және бір түймешікті басу арқылы бір шам жағылу үшін бір емес бірнеше ЖЭО жұмыс істейді.

Мәселен, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етумен айналысатын 1,2,3-ЖЭО; Қапшағай ГЭС, ГЭС Каскады – электр энергиямен қамтамасыз етеді; Батыс жылу кешеннің қазандықтары – жылу энергиямен қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған бөлімшелердің барлығы «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) құрамына кіреді, бұл станциялар Алматы облысы бойынша жалпы тұтынудың 72% электр энергия мен 70% жылу энергия өндіреді. Энергия көздерінің жасы – 31 жылдан 76 жылға дейін..

ЖЭО-ның соншама ұлғайған жасын ескере отырып, 2011 жылы компания қайта жаңарту өткізіп 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО градирняларын іске қосты. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қолданыстағы шектеулерді шешу арқылы қолдағы электр қуатының өсімі 132 МВт болады, бұл жылына 585 миллион кВт/с-тан астам қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Компания өкілдерінің сенімділігі бойынша жаңа градирнялар Алматы облысы бойынша энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал етеді

«Бұл жоба Еуразиялық даму банкінің қарыз қаражаты арқасында жүзеге асырылды», – деп «Самұрық Энерго» АҚ басқарушы директоры Есберген Әбітаев хабарлады.Өткен жылы, электр станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 1-ЖЭО және 3-ЖЭО-да күл үйінділері орнатылды. Сонымен қатар, 2-ЖЭО-да жүзеге асырылған ауқымды жөндеу жұмыстары барысында оператордың жұмыс орнынан салқындату жүйесін реттеуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды.Алайда станцияда кеңестік заманда орнатылған құрылғылар әлі бар. 2-ЖЭО бас инженері Нұрлан Мұхаммед-Рахимовтың осындай оқиғалардың маңыздылығын атап өтті және «автоматиканың жаңа деңгейінее көшу станцияны басқару технологиялық процестерін қосуға мүмкіндік береді» деп айтты. Оңтүстік Қазақстандағы электр қуатының тапшылығымен байланысты 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның сұрауы бойынша «АлЭС» АҚ электр қуат өндірісін шарттық міндеттемелерден асырып қараша айында 36 %-ға, ал желтоқсан айында 19 %-ға көтерді. Жоғарыда аталған шаралар 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында жылу энергия өндірісін 2010 жылғы балама кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға көтеруге мүмкіндік берді, бұл 1,6 млн. Гкал құрады.

Атқарылған жұмыстармен қатар АлЭС компаниясы қуатты арттыруға бағытталған бірқатар басым стратегиялық жобалар белгіледі. Бүгін компания 2-ЖЭО кеңейту бойынша жұмыс атқаруда. 2-ЖЭО-дағы бойлер бөлмесі құрылысының аяқталуы 2013 жылға жоспарланып отыр. Осы объекттің құрылысына 11 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезеңде салушының ақпараты бойынша, үшеунің көлемі 3 мың текше метр, ал біреуінің көлемі 1 мың текше метр су сақтауға арналған бактар, және судағы күкірт деңгейін тексеретін мөлшерлеу модулінің ғимараты салынды. «Біз алты ай ішінде құрылыс жұмыстарының жалпы құрылыс бөлігін соңына дейін аяқтадық және жобаның технологиялық бөлігін жүзеге асыру процесін бастауға дайынбыз,– деді «ШарКаз» ЖШС мердігер компаниясының бас инженері Евгений Чепко.

Жоба барысында келесі жылы 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ны байланыстыратын жылу магистралін аяқтау жоспарланған, ол арқылы 2-ЖЭО-дан 1-ЖЭО-ға қала орталығына жылу қуаты жіберілетін болады. Жылуберілімді жүзеге асыру үшін 1-ЖЭО-да жылу қабылдаупункті салынуда. «Әңгіме мынада, 2-ЖЭО дәл тұтынушыға қажетті жылу көлемін береді, бірақ станцияның өзінің орнатылған қуаты жоғарырақ және ол қосымша жылумен қамтамасыз ете алады», – деп Мұхаммед-Рахимов мырза түсіндіреді. Бұған қоса жоба қалаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 1-ЖЭО қала орталығында орналасқан, ол соғыстың алдында салынды, жабдықтары өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап пайдаланылады және көмірмен жұмыс істейді. Бірыңғай кешені құрылысының жобасы болашақта 1-ЖЭО жабдықтарын жылу өндіру көлемін азайтпай қызметтен шығаруға мүмкіндік береді, бұл қаланы энергияның қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 1-ЖЭО су жылыту және қалаға жылу беру үшін пайдаланылатын болады деп жоспарланып отыр.Сонымен қатар, бүгінгі күнге қарай газға ауыстыру және көмірден толық бас тартумен 1-ЖЭО-ны толық қайта құру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындалды.

«Біз дайындаған ТЭН қазір мемлекеттік сараптауға тапсырылды, және егер ол биыл бекітілсе, онда қайта құру кезеңі 2013 жылдан 2015 жылға дейін жалғасады», – деп Мұхаммед-Рахимов мырза бөлісті.

Сонымен қатар АлЭС Алматы 2-ЖЭО мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында оның қайта жаңарту жөніндегі жобасын әзірлейді. Бірақ станцияны қайта құру жағдайында да ол көмірмен жұмыс істеуді жалғастырады. Осы станцияны газға көшіру мүмкін емес, себебі сейсмикалық қауіптілік аймағында ЖЭО құрылысы ерекше инженерлік шешімдерді талап етті және станцияны 12 метр тереңдікте салды. Ал табиғи газды үй астындағы жерге беруге қауіпсіздік техникасы ережелерімен тыйым салынады.

«Бүкіл кешен жаңа жылыту маусымына дайын болуы тиіс, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелер шешілді, жабдықтар сатып алынды», - деп Әбітаев мырза сөзін аяқтады.

Авторы: Чулпан Гумарова