«АлЭС» АҚ қызметтері тарифтерінің шекті деңгейін төмендету туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттерінің бірлескен бұйрығымен «Алматы электр станциялары» АҚ 2019 жылға жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметіне арналған тарифтердің шекті деңгейі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізумен 3 850,31 теңгеден 3 674,75 теңге/Гкал-ға дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттерінің бірлескен бұйрығымен «Алматы электр станциялары» АҚ 2019 жылға суды магистральды құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметіне арналған тарифтердің шекті деңгейі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізумен 60,41-ден 53,09 теңге/м3 - ге дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендетілді.