«Алматы электр станциялары» АҚ: сенімді іске және өндірісті дамытуға инвестициялау

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес «Алматы электр станциялары» АҚ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен 2014 жылға арналған сомасы 5 937,9 млн. теңге мөлшеріндегі инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы Келісім жасады.
«АлЭС» АҚ–ның инвестициялық бағдарламасы энергия көздері өндірісінің ағымдағы деңгейін қолдауға, бар активтерді қайта құру және техникалық қайта жабдықтауға, табиғатты қорғау шараларын орындау және энергияны сақтау жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталады.
Аталған Келісім шеңберінде келесі негізгі шараларды орындау жоспарланады, соның ішінде:
І. Өндіріс көлемін арттыруға бағытталған шаралар:
- Қапшағай ГЭС-нің төменгі бьефіндегі арнаны тазарту. Жобаның іске асырылуы орта есеппен жылына 16 млн. кВсағ. электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.
- Газға ауыстыра және БГҚ/ГТҚ орната отырып 1-ЖЭО–ны қайта құру және кеңейту. Бұл жоба 1-ЖЭО–ны толықтай табиғи газ жағуға ауыстыру есебінен, станцияның қала экологиясына тигізетін әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Жоспарланған іске асыру мерзімі 2013-2016жж.;
- 1-ГЭС, 2-ГЭС қайта құру және жаңарту. Жобаның жүзеге асырылуы шамамен жылына 39 млн. кВсағ. электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді. Жоспарланған іске асыру мерзімі 2013-2017жж.;
ІІ. Өндіріс шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:
- Станцияның технологиялық қажеттіліктеріне арналған су шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, 1-ЖЭО, 2-ЖЭО меншікті су алғы құрылысы.
ІІІ. Өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға бағытталған шаралар:
- 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС электрлі
техникалық жабдығын қайта құру;
- 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС қосалқы жабдықтарын
қайта құру;
- 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС және Бас кеңсе ғимараттарын
және құрылыстарын салу және қайта құру;
- 3-ЖЭО, Каскад ГЭС объектілерін қорғау жөніндегі техникалық
шаралар және т.б.
IV. Күл үйінділерінің құрылысы
- 2-ЖЭО күл-қожды жоюдың құрамдастырылған жүйесін қайта құру;
- 3-ЖЭО күл үйіндісі қайта құру және кеңейту.
V. Табиғатты қорғау шаралары:
- 2-ЖЭО қазан агрегаттарының жанарғы қондырғыларын жаңарту;
- 3-ЖЭО артезиан ұңғымаларын жою.

___________________________________________________________

«Алматы электр станциялары» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы қаласы мен Алматы облысы аймақтарын энергиямен негізгі жабдықтаушы болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағының шамамен 70% -ын және электр энергиясы көлемінің 72% -ымен қамтамасыз етеді.
«АлЭС» АҚ энергетикалық кешені құрамында: 1- ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚТО өндірістік департаментер бар.