«АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО өндірістік департаменттерінің жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін Орындаушы (лар) таңдау бойынша конкурс өткізу туралы»

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) (ҚР, 050002, Алматы қ., Достық даңғылы, 7) «АлЭС» АҚ Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО өндірістік департаменттерінің жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін Орындаушы (лар) таңдау бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы «12» қазан сағат 9:00 де басталады және 2021 жылғы «18» қазан сағат 17: 00-де аяқталады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдау, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларды тіркеуді «АлЭС» АҚ-да арнайы құрылған комиссия 050002, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 7 мекен жай бойынша 123 кабинетте тіркеу журналына енгізеді.

Анықтама телефоны: 8 (727) 227-70-16, +7(777)777-20-60.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жоспарланған объект туралы мәліметтер:

«АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО өндірістік департаменттерінің жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін «АлЭС» АҚ  Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО өндірістік департаменттерінің аумағында орналасқан келесі мекен жайдағы бос орын-жайларды уақытша өтеусіз береді:

  • Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – Алматы қ, Сейфуллин даңғылы, 433. Жалпы алаңы 123,55 ш. м. орын-жай;
  • А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО – Алматы қ, Алғабас ықш ауд, 7 көше, 130 үй. Жалпы алаңы 290,3 ш.м. орын-жай;
  • 3-ЖЭО – Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 20, Жалпы алаңы 93 ш.м. орын-жай.

Орын-жай «3» жыл мерзімге беріледі.

  1. Әлеуетті орындаушыға қойылатын талаптар:
  2. Орындаушы өз жұмысында қолданыстағы ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 стандарттарының және «ISO 22000 тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі» (ҚР СТ ISO 22000) халықаралық стандартының талаптарын, сондай-ақ «Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1783 қаулысының талаптарын, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығын, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын және ҚР өзге де НҚА-ды басшылыққа алуы тиіс.                                                                                               II.      Орындаушы сапалы қызметтер көрсету мақсатында атқаратын лауазымына сәйкес келетін, тиісті деңгейдегі кәсіби даярлығы мен біліктілігі бар білікті мамандарды тартуға міндетті.                                                                        III.     Орындаушының персоналына қойылатын жалпы талаптар:
  • өзінің кәсіби қызметіне қатысты нормативтік және басшылық құжаттарды білу;
  • жалпы мәдениеттілік және қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби мінез-құлық этикасын сақтауы, санитария, жеке гигиена мен жұмыс орнында гигиена талаптарын сақтау;
  • еңбек және өндірістік тәртіптің барлық талаптарын орындау, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын сақтау;
  • бас аспаз, аспаздардың саны 2 адам, ӨД асханасының ұйымдастырылуын, сондай-ақ мәзірдің дұрыс жасалуын, ыдыс жуушы, кассирдің болуын қадағалайтын әкімші болуы тиіс.
  1. Орындаушы қызмет көрсетудің барлық мерзімінде персоналға қажетті курстар, тренингтер, семинарлар және т. б. өткізуді қамтамасыз ету жолымен персоналдың біліктілігін арттыруға тиіс.
  2. Орындаушы белгіленген мемлекеттік стандарттарға, санитариялық және өртке қарсы қағидаларға, сондай-ақ қызмет көрсету кезеңіне арналған басқа да технологиялық және нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасына, адамдардың өмірі, денсаулығы, қоршаған орта мен мүлікке қатысты қойылатын міндетті талаптарды сақтау мақсатында:
  • өз қызметкерлерінің санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес медициналық тексеруден және зертханалық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз ету;
  • өз қызметкерлерін санитарлық киіммен қамтамасыз ету: өнімдерді қызметкерлердің жеке киімдерінен микробтармен ластану мүмкіндігінен қорғайтын киімдер халаттар, күртешелер, алжапқыштар, қалпақтар, орамалдар, жеңқаптар және т. б., бұл ретте киім нысаны ШБ бастығымен алдын ала келісілуі тиіс;
  • санитарлық киімді күн сайын ауыстыруды қамтамасыз ету, қызметкерлердің санитарлық киімде дәретханаға баруына жол бермеу, лас киімді бөлек сақтау;
  • өз қызметкерлерін жұмыс ерекшелігіне байланысты қажетті жеке қорғаныс құралдарымен (көзілдірік, респиратор, қолғап және т. б.), салалық нормаларға сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттардың реестріне сәйкес объектіні тазалықта ұстау, сондай-ақ өз күштерімен және құралдарымен жуу құралдарымен тазалау, Қоғам объектісінен қоқыстарды уақытында шығару және кәдеге жаратуды қамтамасыз ету.
  1. V Орындаушы нарықтық бағадан төмен тамақтану құнын қамтамасыз етуі керек. Азық-түлік қымбаттаған жағдайда, Орындаушы мен Қоғам тамақтану құнын қайта қарауы мүмкін.
  2. Конкурсқа қатысуға жеке және заңды тұлғалар белгіленген мерзімде олармен шектелмей, мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
  • Қатысуға өтінім;
  • жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретіндегі қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, паспорттың немесе жеке басты куәландыратын өзге де құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны электрондық үкімет порталынан мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
  • әр тағамның бағасын көрсете отырып, аспазшысы дайындаған мәзір;
  • төлем шарттары;
  • өнімдерді (қызметтерді)жеткізу шарттары;
  • азық-түлік өнімдерінің сапа сертификаттары;
  • заңды тұлға үшін – құрылтайшының шешімі немесе Жарғыда көзделген келісімге қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын өзге құжат;
  • заңды тұлға үшін – салық органында есепке қою туралы куәлік;
  • көрсетілетін қызметтің біртекті нарығында соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар (актілер және / немесе жүкқұжаттар және т. б.)
  • бас аспазшы, 2 адамнан тұратын аспазшы, әкімші, ыдыс жуушы, кассирдің болуын, сондай-ақ олардың кәсіби біліктілігін растайтын құжаттар (еңбек шарты, өтеулі қызмет көрсету шарты, дипломдар, сертификаттар, біліктілікті арттыру туралы куәліктер және т. б.);
  • қызметтерді әлеуетті Орындаушыға жоғарыда көрсетілген талаптармен жазбаша келісім.
  1. Конкурсқа қатысуға жол берілмейді: 

1) үлестес болған кезде;

2) Қазақстан Республикасының резиденті болмаса.

  1. Конкурсты өткізу тәртібі:
  2. Комиссия қатысушы ұсынған құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды;
  3. Осы мерзім ішінде Комиссия қатысушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ оларды бағалайды және салыстырады. Бұдан басқа, БМБ өтінім құрамында қатысушы ұсынған мәзірдің нарықтық бағадан төмен бағаларға сәйкестігіне талдау жүргізеді. Маркетингтік талдау нәтижелері бойынша БМБ сараптамалық қорытынды береді.

        III. Конкурсқа қатысушылар құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, құжаттар «АлЭС» АҚ талаптарына сәйкес келмеген кезде (оның ішінде нарықтық бағадан төмен баға беру туралы талаптар) конкурсқа қатысушылардың өтінімдері кері қайтарылуға жатады.

  1. Комиссия басқа қатысушылармен салыстырғанда міндеттемелерді орындаудың ең жақсы шарттарын ұсынғандардың ішінен конкурс жеңімпазын айқындайды.
  2. Бағалар, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету шарттары тең болған, барлық қажетті құжаттар болған кезде нарықта көп жұмыс тәжірибесі бар қатысушы жеңімпаз болып танылады.
  3. Бағалар, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету шарттары тең болған, барлық қажетті құжаттар болған және нарықтағы жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

        VII. Егер конкурсқа құжаттардың толық пакетімен өтінім берген және осы ДИН талаптарына жауап беретін бір қатысушы қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

        VIII. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

  1. Конкурстың қорытындылары қорытындылар хаттамасы түрінде ресімделеді. Хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаз бен «АлЭС» АҚ-ның конкурста айқындалған шарттарда келісім жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Хаттамада қатысушылар, жеңімпаздар туралы мәліметтер және комиссияның қалауы бойынша өзге де ақпарат көрсетіледі.
  2. Конкурс нәтижелері бойынша «АлЭС» АҚ қорытындылар хаттамасына қол қойылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жеңімпаздың атына оның конкурстық өтінімін конкурста жеңіп шыққан деп тану туралы хабарлама (конкурс жеңімпазына хабарлама) жібереді. Хабарламамен бір мезгілде «АлЭС» АҚ конкурс жеңімпазына Келісім жобасын жібереді.
  3. Конкурста жеңімпаз деп танылған қатысушы хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келісімге қол қояды және оны «АлЭС» АҚ-ға қайтарады. Бұл ретте, тараптар келісімге қорытындылар хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қол қоюы тиіс.