Экологиялық мәдениет

2018-10-11 112946

Экологиялық мәдениет  

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының маңызды құрамдастарының бірі адамдардың бүгінгі және болашақтағы тіршілігіне қолайлы қоршаған орта сапасына қолдау көрсету.

       Отанымыздың әрбір азаматы қоршаған ортаны сақтауға және табиғи ресурстарға үнемді қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы сақтауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне ат салысуға міндетті.

2018-10-11 112954

Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында Елбасы қоршаған ортаны сақтау және мемлекетіміздің экологиясы тазалығын жөніндегі іс –шараларға ерекше назар аударып отырады. Әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды енгізіп, пайдалануды баса айтады.          

Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттің экологиялық қызметіне қолдау көрсете отырып, келесілерді басшылыққа алуы керек:

  

 

  • 2018-10-11 113002ішім су үшін пайдаланатын су ресурстарын сақтау мақсатында су шығынын азайтуды;
  • «көмірсудің ең үлкен қоймасы» болатын  орман,  тоғайларды сақтау үшін электронды құжат айналымын енгізуарқылы қағазды пайдалануды азайту;
  • Қайта пайдалану  тәсілімен  құралатын қалдықтар көлемін азайту, қала, елді мекендер аумағының тұрмыстық және азық – түлік өнімдері қалдықтарымен  қоқыстануына  жол бермеу немесе  істен шыққан тұрмыстық техниканы (телевизор, магнитофон, электр ойыншықтары, үтіктер, энерго сақтағыш жарықшамдар, батарейкілер, шаш кептіретін фендер, асхана жабдықтары, тоңазытқышты қоса және т.б.), кеңсе техникасын (компьютерлер және олардың қосалқы бөлшектері, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), сынапты қалдықтарды  (люминесцентті жарықшамдар, энергия сақтаушы жарықшамдар, градусниктер және т.б.) Технодом, Алсер, Рамстор сауда желілері басшылықтарының  орнатқан эко – бокстарына салу жолымен екінші реттік кәдеге жаратуға  тапсыру.
  • Алматы қ. әкімдігінің бастамасымен қаламыздың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын қала және «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері аумақтарында  жасыл желек отырғызу акцияларына қатысу.