Озық қолжетімді технологиялар: «жасыл технологияларға» көшу тұжырымдамасы

Экологиялық тұрғыдан тиімсіз жабдықта жұмыс істейтін кәсіпорындардың қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейінің артуы, сондай-ақ дамыған мемлекеттердегі халықаралық қатынас-тардың жаһандық экологияландыру Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесіне баса назар аударуды талап етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттеудің қазіргі тәжірибесі, сондай-ақ экологиялық нормалау және бақылау әдістері табиғат қорғау заңнамасы жүйесінің тиімсіздігін және оның халықаралық ережелер мен үрдістерге сәйкессіздігін көрсетті. Қолданыстағы жүйе экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар үшін ұйғарынды экологиялық әсердің нысаналы параметрлерін қолдана отырып, қоршаған ортаны нормативтен тыс ластағаны үшін өтемдік санкцияларды пайдалануды үйлестірмейді, сондай-ақ табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру және экологиялық таза технологияларды енгізуде кәсіпорындарды ынталандыруды қамтымайды.

Ұзақ мерзімді кезеңге арналған экологиялық саясаттың басты міндеттерінің бірі-озық қолжетімді технологиялар көрсеткіштерінің негізінде қоршаған ортаға әсерді нормаландыру қағидатын қолдану.

Қоршаған ортаға әсерді нормалау табиғат пайдаланушылар үшін озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) анықтамасымен байланыстыра отырып, техникалық нормативтерді белгілеуге негізделген дамыған елдердің практикасына көшу қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүдделеріне толық жауап береді.

 

ОҚТ қолданудың еуропалық тәжірибесі

Жалпыға бірдей танылған және жетілдірілген Еуропалық Қоғамдастық қабылдаған экологиялық заңнама жүйесі бар. Бұл құқықтық жүйе тікелей әрекет ететін заңнама болып табылады және билік органдарының актілерімен қосымша түсіндіруді қажет етпейді. Сонымен қатар, жүйе қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың барлық негізгі мәселелерін қамтиды. Ең бастысы-ЕО нормалары қоғам, мемлекет және бизнес арасындағы тең құқылы диалогтың нәтижесі.

ЕО экологиялық заңнамасының негізгі қағидасы қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін үнемі төмендету болып табылады. Ластануды азайту талаптары мен нақты техникалық мүмкіндіктер арасында тепе-теңдік қалыптастыру мақсатында заңнамада "озық қол жетімді технологиялар" негізінде әсер ету көрсеткіштерін есептеу тетігін қолдану қарастырылған.

ОҚТ термині мұндай технология экологиялық талаптарды сақтау тұрғысынан жақсы және оны қолдануға мүдделі адамдар үшін қол жетімді екенін білдіреді. ОҚТ қолдану туралы талап кәсіпорындарды пайдалану қоршаған ортаға елеулі әсер етумен байланысты экономиканың неғұрлым ірі салаларына ғана қолданылады.

Мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік процестерін басқару және бақылау жүйесін жетілдіру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ету. Бұл тәсілдің негізгі элементі кәсіпорындар ластанудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды, атап айтқанда, өздерінің экологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ОҚТ қолдану арқылы қабылдауы керек.

Ол үшін ОҚТ анықтамалықтары әзірленді, олар теріс әсерді нормалау, кәсіпорындарға ЕО елдеріндегі эмиссияларға рұқсат беру рәсімдерінде кеңінен қолданылады. ОҚТ бойынша анықтамалықтарды дайындау – бұл анықтамалық деректерді мерзімді қайта қарауды және жаңартуды қамтитын үздіксіз процесс.

Өнеркәсіптің түрлі салаларына қатысты ОҚТ тізбелері биліктің бейінді органдары, салалық компаниялар мен қауымдастықтар өкілдерінің, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандардың қатысуымен осы мақсаттар үшін арнайы құрылған Еуропалық бюро дайындаған және үнемі жаңартып отыратын ұсынымдық анықтамалық құжаттарда қамтылған.

Анықтамалық құжаттар қандай да бір ғана технологияны пайдалануды белгілемейді, бірақ қарастырылып отырған қондырғының техникалық сипаттамаларын, оның географиялық жағдайын және жергілікті экологиялық жағдайларын ескере отырып, нарықтағы және қоршаған ортаға ең аз әсер ететін әртүрлі үздік технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болатын эмиссия деңгейлерінің ауқымын ұсынады.

Қол жетімді озық әдістер келесі критерийлерді біріктіру негізінде анықталады:

1) аз қалдықты технологияны қолдану;
2) аз қауіпті заттарды пайдалану;
3) пайдаланылатын шикізат пен ресурстарды (суды қоса алғанда) тұтыну деңгейі мен қасиеттері, энергия тиімділігі;
4) эмиссиялардың қоршаған ортаға теріс әсерінің және қоршаған орта үшін тәуекелдердің жалпы деңгейін болғызбау немесе барынша азайту;
5) авариялардың алдын алу қажеттілігі және қоршаған орта үшін жағымсыз салдарларды барынша азайту.

Қазақстан Республикасында негізгі ластауыштар болып табылатын және міндетті түрде ОҚТ белгілеуге және кешенді экологиялық рұқсат алуға тиіс 50 ірі кәсіпорын таңдап алынды, бұл табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және эмиссиялардың техникалық нормативтерін сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірыңғай құжат болып табылады.

Кешенді экологиялық шешімдерге енгізілетін озық қолжетімді технологиялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ең озық қолжетімді технологиялар тізбесіне сәйкес келуге тиіс.