«АлЭС»АҚ экологиялық менеджменті жүйесінің негізгі құжаттары

2018-10-18 074500

Табиғатты пайдаланушы мен қоршаған ортаның қатар өмір сүруіне қолайлы формаларды табу үшін шаруашылық жобаларды жан – жақты экологиялық негіздеу, қоршаған орта жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу, жеке маңызды табиғат обьектілерін қорғау, табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалануға бақылау жүргізумен қатар, экологиялық білімді, ең бастысы экологиялық сананы дамыту қажет.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтық экологиялық тәртібінің ережелерін анықтайтын заңнамалық актілер қабылданған. Осы ережелер шамамен 10 заңнамалық және 200 заңды нормативтік құқықтық актілерде белгіленген.    

Экологиялық тәртіптің белгіленген ережелерін сақтау және экологиялық менеджмент жүйесінің негізін қалау, мүдделі тараптармен экологиялық мүдделерді біріктіру мақсатында «АлЭС» АҚ Экологиялық саясаты әзірленді, онда компания жоғарғы басшылығының қоршаған ортаны қорғау саласына, оның экологиялық тиімділігіне, қабылданған экологиялық заңнама талаптарын сақтауға қатысты   ұстанымдары және қоршаған ортаны басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру мақсаты көзделген.

     «АлЭС» АҚ-ның Экологиялық саясаты өндірістік департаменттерге мақсатты және жоспарланған көрсеткіштерді жүзеге асыру мен жетуге, экологиялық аспектілер мен тәуекелдерді сәйкестендіруге және Экологиялық саясатты тиімді іске асыру мақсатындағы қажетті механизмдер мен мүмкіндіктерді әзірлеуге негіз болады.

   «АлЭС» АҚ-ның экологиялық саясаты - бұл экологиялық аспектілерді басқару және олардың қоршаған ортаға әсерін азайту үшін жоғарғы басшылықтың қағидаттары мен ниеттерін бекітуші декларация.