Қоқыс пен қалдықтарды бөлек жинау: өңделетін қалдықтарды дұрыс сұрыптау

Қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселесі қазіргі уақытта ешкімге де айтарлықтай жаңалық болмайды. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесі күнделікті өмірдің міндетті құрамдасына айналды. Қоқыстарыңызды сұрыптау арқылы қоғам мен экологияға пайдасын тигізу үшін тұрмыстық қалдық түрлерін, оларды қалай дұрыс сұрыптау керектігін білуіміз керек.

Қалдықтарды бөлек жинау барлық тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдалануға жарамды пайдалы материалдарды өңдеп шығару үшін қажет.

Қалдықтардың жартысынан көбі қайта өңделетін, кәдеге жаратылатын заттарды құрайды.

Қалдықтарды сұрыптау – оларды полигонға жеткізер алдында-бірнеше мәселелерді шешеді:

– қалдықтардың жалпы санын азайтады;
– шикізатты қайта қолдану арқылы тұтынылатын табиғи ресурстардың санын азайтады;
– экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді;
– қайта өңдеу шығындарын азайтады.

Қандай контейнерлер болады

Қалдықтар мен қоқыс түрлеріне арналған арнайы контейнерлерді орнату қалдықтарды бөлек жинауды жеңілдетеді.

Көбінде түрлі түсті бактар қойылады:

– жасыл – әйнек, шыны үшін;
– көк қағазға арналған;
– қызғылт сары – пластикке;
– сары – картонға;
– қызыл – өңделетін қалдықтар;
– қоңыр – қауіпті қалдықтарға;
– қара – органикалық қалдықтарға.

Түстер көрсетілген тізімге сәйкес келе бермейді. Әлемнің түрлі елдерінде өз стандарттары қолданылуы мүмкін. Сондықтан шатаспау үшін контейнерлерге тиісті жазулар қолданылады. Кәдеге жарату кезінде тек түске ғана емес, олардың құрамына да да назар аударған жөн.

Барлық қалдықтарды қайта өңделетін және қайта өңделмейтін деп бөлуге болады.

Жинауға және қайта өңдеуге жататындары:

– шыны ыдыстар;
– пластмассаның кейбір түрлері;
– макулатура;
– металл сынықтары.

Бұл материалдар сұрыпталып, жеке цистерналарға салынуы немесе қабылдау пункттеріне тапсырылуы керек. Қайта өңделетін қалдықтарды қабылдау пунктіне барар алдында шыны, металл, пластик қалдықтарды органикалық қалдықтардан тазалау керек.

Қалдықтардың тағы бір түрі қайта өңделмейді, оны тиісті контейнерге салу керек немесе бөлек тастау керек. Мәселен, тұрмыстық қоқыстың қауіпті түрлері санатына жататын батареялар мен термометрлер оларды қабылдауға арналған пункттерге апарып тапсыру керек.

"АлЭС" АҚ Бас кеңсесінде және өндірістік департаменттерде қалдықтарды бөлек жинау тәртібі енгізілді. Қалдықтарды сақтаудың мамандандырылған алаңдары әйнек пен тамақ қалдықтарын сақтауға арналған түрлі-түсті контейнерлерді, сондай-ақ пластикалық қалдықтарды сақтауға арналған арнайы торларды орналастыратын бөлімдерге бөлінеді.

Жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау басқармасы пайдаланылған батареялар мен макулатураны жинау бойынша акциялар өткізеді, оған "АлЭС" АҚ кез келген қызметкері қатыса алады.

Мәселен, биылғы жылдың қараша айының соңына дейін "АлЭС" АҚ қызметкерлері Қоршаған ортаны қорғау басқармасына – Бас кеңседе немесе өндірістік департаменттердегі жауапты экологтарға, пайдаланудан шыққан батареяларды, өндірістік департаменттердің ӘШБ-ге күнделікті жұмыс барысында пайда болатын қағаз қалдықтарын, яғни кеңсе қағазын, журналдар, жарнамалық полиграфия, газеттер, ескі және пайдаланылмаған кітаптар, қағаз қаптамалар, картон өткізе алады.

Болашақта акция және өндірістік қызмет барысында жиналған барлық қалдықтар жасалған шарттарға сәйкес оларды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған ұйымдарға берілетін болады.