Көміртекті бейтараптық - Жерді климат  дағдарысынан құтқару немесе тренд пе?

Көміртекті бейтараптық - Жерді климат  дағдарысынан құтқару немесе тренд пе

Көміртекті бейтараптық – бұл  компанияның  өзінің өндірістік қызметі барысында   көмірқышқыл газы мен оның баламалары  шығарындыларын айтарлықтай қысқартқанын білдіретін немесе бұл шығарындыларды басқа өндірістер аумағында өз есебінен орындалған  көміртегі - теріс жобалар есебінен өтегенін білдіретін термин.

Ғалымдар компаниялардың шығарындыларын үш қамту саласына бөледі. Бірінші қамту саласы - бұл өндіріс кезіндегі кәсіпорынның тікелей шығарындылары. Екінші қамту саласына энергияны тұтыну жатады. Компанияның энергияны  қандай көздерден мысалы,  көмір станцияларынан, АЭС, ГЭС және басқалардан  алатынын түінген  маңызды.  Үшінші қамтылатын сала – өнім циклының  тізбегі: шикізатты сатып алу, жеткізу, сату, пайдалану, кәдеге жарату және т. б.,  яғни өндірушіге тікелей байланысты емес шығарындылар.

Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің үш негізгі әдісі:

1) тікелей шығарындыларды қысқарту және энергияның жаңартылатын көздеріне  - гидрогенерацияға, күн энергиясына, жел энергиясына  көшу.

2) ауадан CO2 тікелей түсіру.

3) көмірқышқыл газы шығарындыларын  азайтатын жобаларға инвестициялау арқылы өтеу.

1. Тікелей шығарындыларды азайту.

Бұл әдіс ең тиімді деп саналады, себебі  компания CO2 шығарындыларының тікелей көзін жояды. Оның тиімділігі  - жанама емес,  тікелей болғандықтан, шығарындыларды азайту қадамдарын анықтау оңай. Жанамалары  өнім өндіру  циклының ұзын тізбегін құрайтындықтан көмірқышқыл газы шығарылуының өтелетін көлемін есептеу және  кінәлілерді  анықтау біршама қиынға соғады.

Мәселе мынада, бұл жол экономикалық шектеулермен, яғни тікелей шығарындылардың азаюы көбінесе өндіріс көлемінің  азаюымен,  демек, кәсіпорын кірісінің төмендеуімен байланысты. Егер өндіріс қысқартылмаса, онда  парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтатын  технологиялар  қаржы салымдарын қажет етеді.

Көбінесе  компаниялар бұл шараға  экономикалық тиімсіздік тұрғысынан бармайды.

2. Ауадан CO2 тікелей түсіру.

CO2 тікелей түсіру - бұл атмосферадағы  көмірқышқыл газын «сору» болып табылады.  Оны жер астына «көму» арқылы, ұзақ сақтауға немесе отын, пластик және басқа да материалдар өндіруге арналған химиялық процестерде  пайдалануға болады.

Ауадан тікелей ұстаудың көп таралған әдісі — ауаны арнайы сұйықтықтан

өткізу, мұнда CO2 қоспаға жабысады, ал қалған ауа жабыспайды. Содан кейін қоспаны жылуды пайдалана отырып, көмір қышқыл газын бөлумен  қайта кері айналдырады.

Көміртекті биоэнергетика (BECCS) - бұл  технологияны шығарындыларды тікелей түсіруге жатқызуға болады, бірақ аулау атмосферадан емес, биомассаны жағудан алынады. 

Биомассаға өсімдіктер мен дақылдар жатады. Спирт пен көңнен алынатын  энергия: биоотынның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Бұл технологияның артықшылығы - оның теріс шығарындылары бар. Өсімдіктер фотосинтез арқылы СО2 сіңіреді, ал оларды өртеген кезде  олар көміртекті кері қайтарады, осы ретте лезде түсіру жүреді де,  көміртегі атмосфераға шығарылмайды. Осылайша өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіреді, бірақ содан кейін атмосфераға қайта бөлмейді - теріс шығарындылар осылайша болады, яғни жалпы көлемдегі көмірқышқыл газының мөлшері нақты төмендейді.

3. Көміртекті - теріс жобаларға инвестициялау арқылы өтемақы.

Көмірқышқыл газын өтеу бойынша көптеген жобалар бар. Бұл табиғи процестерді қолдау және басқа компаниялар мен коммерциялық емес секторға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмек  болуы мүмкін. Табиғи сіңіруді қолдаудың ең танымал әдістерінің бірі — орманды қалпына келтіру. Қоршаған ортаны қалпына келтіруге ықпалы бар құрамында  "көк көміртек" бар басқа да танымал әдістер бар. 

"Көгілдір көміртек" - бұл жағалаулар да немесе теңіз экожүйелерінде   сақталатын көміртек. Мангр, балдыр өскіндері  мен бақпақтар негізінен климаттың өзгеруінен қорғайтын экожүйе болып табылады, өйткені олар атмосферадан СО2 сіңіреді. Бұл процесс

 ормандармен салыстырғанда жылдамырақ  жүреді. Бүгінгі таңда компаниялардың осы салада қалай жұмыс істейтіні туралы мысалдар бар,  олар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мангр  ормандарын қалпына келтіруге инвестицияларды көптеп салуда.

Тағы бір тәсілі — мұхиттың өнімділігін арттыру. Бұл әзірге тек теориялық зерттеулер.  Идеяның бірі - мұхиттың жетіспейтін бөліктеріндегі қоректік темір қосу. Бұл фотосинтез көмірқышқыл газын сіңіретін  микроскопиялық өсімдіктердің (фитопланктон) шапшаң гүлденуін арттыратын процесс болып табылады. 

Әлемдік көшбасшылар ауаға бөлінетін шығарындыларды тікелей азайту климаттың өзгеруімен күрес жүргізудің   ең тиімді әдісі деген ортақ пікірге келіп отыр. Негізгі назар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, олардың салдарын жұмсартуға бағытталады.  Бұл әрине оңай болмайды, алайда айтарлықтай көлемдегі теріс технологиялар - көміртекті қолданғаннан гөрі әлдеқайда оңай. БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының жалпы дебатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің республикамыз 2060 жылға қарай  көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның теңізге тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ  ең үлкен мемлекет ретіндегі климатының  орта есеппен әлем бойынша  тезірек өзгеріске ұшырайтынын, бұл  фактордың халыққа және экономикаға қауіп төндіретінін атап айтты.