«Жасыл кеңсе» бағдарламасы. Концепциялар мен қағидалары. 2 Бөлім

 Бұл мақалада біз «Жасыл кеңсе» бағдарламасының тұжырымдамасымен және қағидаларымен танысуды жалғастырамыз.

2. Жылу үнемдеу

~ радиаторларды жылу тұтынуды екі есе азайтуға мүмкіндік беретін термореттегіштермен жабдықтау, аз температуралық режимге реттегіштерді орнату;

 ~ ғимараттың сыртқы қабырғалары арқылы жылуды жоғалтуды қысқартуға мүмкіндік беретін жылыту аспаптарының артына жылу қайтарғыштарды орнату;

~ орын-жайларды жылыту, терезелерді қазіргі заманғы шыны пакеттермен (ПВХ-ны қамтымайтын) ауыстыру және орын-жайларды қосымша оқшаулау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

 

~ жылу тұтынуды есепке алу аспаптарын орнату.

3. Суды үнемдеу

~ кеңсені су шығынын есептеу құралдарымен жабдықтау, суды тиімді пайдалану қажеттілігі туралы қызметкерлерді хабардар ету;

~ крандар мен сантехниканың, су үнемдейтін себезгі бастарының жарамдылығы;

 

~ сенсорлық араластырғыштарды немесе рычагты крандарды, унитаздарды – екі шаю режимі бар бактарды пайдалану.

4. Қағазды ұтымды таңдау және пайдалану

~ қайталама шикізаттан кеңсе және дәретхана қағазын пайдалану;

~ хлорлы ағартусыз өндірілген және экологиялық және әлеуметтік жауапты орман пайдалану кезінде алынған FSC схемасы бойынша сертификатталған қағазды пайдалану. Мұндай қағаздың құны әдеттегі құннан аспайды;

~ қағаздың артқы жағында басып шығару және екі жақты басып шығару;

 

 ~ хат-хабарларды жүргізу үшін электрондық поштаны пайдалану, аса қажет болған жағдайда ғана хаттарды басып шығару, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу.

5. Қосымша ұсыныстар

~ кеңседе қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, екінші шикізатты уақытша сақтауға арналған алаңдар ұйымдастырылған және мүмкіндігінше оны қабылдаумен айналысатын компаниялармен келісім-шарттар жасасқан жөн;                                                                                                             ~ ұйымдастыру техникасы мен басқа да электр құралдарын таңдау кезінде электроника өндірушілерінің экологиялық рейтингіне назар аудару қажет, сондай-ақ бір реттік пластикалық тауарларды қолданудан бас тарту қажет, оларды бірнеше рет пайдаланатын тауарлармен ауыстыру, кеңседе құрамында хлорорганикалық қосылыстары, хлор, фосфаттар және фосфонаттар жоқ тұрмыстық химияның қауіпсіз құралдарын пайдалану қажет;                                                                           

 

      ~ нарықта баламалы өнім болған жағдайда, мүмкіндігінше кеңсе тауарларын, интерьер заттарын, поливинилхлоридтен жасалған электрондық және тұрмыстық техниканы пайдаланудан бас тарту қажет.

Ұжымдағы экологиялық саясат.
Жоғарыда аталған барлық шаралар егер бастама жоғарғы басшылықтан ғана емес, кеңседе күн сайын жұмыс істейтін ұжымнан да көп күшке ие болады. Ең үздік ақпараттық плакатқа, электр қуатын, суды, шығыс материалдарын үнемдеу туралы өзіндік «еске түсіргіш» конкурс ұйымдастыруға болады. Егер компанияның өз сайты болса, жобаға арналған бетті жасап, жаңалықтар мен табыстар туралы деректерді үнемі жаңартып отыруға болады.