«Трендте бол!» немесе топ-8 халықаралық экологиялық акциялар. 1 бөлім.

28 наурызда ғаламшардағы ең ауқымды экологиялық «Жер Сағаты» атты акциясы өткізілді, бүкіл әлем бойынша екі миллиардқа жуық адам қатысты. Бұл акцияның мақсаты- әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру мәселесіне аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру. Бұл акция әлемдік деңгейде өткізілетін экологиялық акциялар арасында 1 орынға ие. Бұл мақалада біз қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тағы да жеті халықаралық іс-шаралармен танысуды бастаймыз-су қоймаларын тазартудан, ағаш отырғызу немесе бір күнге машинадан бас тарту және т.б.

2 орын. Суды қорғау

1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 наурызда Бүкіләлемдік су күні деп жариялады. Содан бері жыл сайын осы күнге су ресурстарын сақтауға байланысты белгілі бір тақырып беріледі. Мысалы, биылғы жылғы мереке судың жоғары сапалы жұмыс орындарын құрудағы алатын рөліне арналады. Бүгін, БҰҰ мәліметтері бойынша, жер шарындағы жұмыс істейтін халықтың жартысы — 1,5 миллиард адам — су ресурстарына байланысты салаларда жұмысқа орналастырылған. 22 наурызда әлемнің ірі қалаларында тақырыптық іс-шаралар өтті: мұражайлардағы көрмелер, форумдар және білім беру дәрістері.

3 орын. Көшеттерге жол

Дүниежүзілік орман отырғызу күні 2011 жылы алғаш рет өткізілді, сол кезде БҰҰ жылды Халықаралық орман жылы деп жариялады. Аталған акция келесі түрде өтеді: орман шаруашылықтары мерекеге алдын- ала дайындалады, көгалдандыру үшін аумақтар мен қажетті көшет материалдарын бөледі. Содан кейін акцияға қатысқысы келетін еріктілер тобын жинап, жас ағаштарды отырғызу ережелерімен таныстырады. Осы акцияға қатысып, қоршаған ортаға бір үлесін қосуға болады.

4 орын. Ұлттық парктер мен қорықтар

Саябақтар шеруі-22 сәуір күні жыл сайын өткізілетін халықаралық кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы. Мереке қоғамдық сипатқа ие, себебі табиғи аумақтарды қорғау идеясын қолдайтын жанашырлардың басын қосқан. «Саябақтар маршы» кезінде қорықтар, ұлттық саябақтар, қаумалдар және басқа да табиғат қорғау және үкіметтік емес ұйымдар экологиялық іс-шараларға, тақырыптық көрмелерге, волонтерлік көмек акцияларына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау үшін қайырымдылық қаражатын жинауға бастамашылық жасайды және өткізеді.

5 орын. Су анасы

20 жылдан астам бұрын дайвинг-нұсқаушылардың кәсіби қауымдастығы (PADI) бүкіл әлем бойынша су қоймаларын тазалаудың халықаралық күнін өткізуді ойлап тапты. Үлкен «су асты» сенбілігінің басты күні 5 маусым, Дүниежүзілік қоршаған орта күні болып таңдалды. Басты мәселе-жағалаулар мен су айдындарының түбін ауқымды жинау. Халықаралық су қоймаларын тазалау күнінің «мерекелік іс-шаралар» негізгі идея ұсынушылары, ұйымдастырушылар мен қатысушылар - өңірлік клубтардың дайверлері.