«Адам. Қоғам. Табиғат» шығарылымдарының алдыңғы айдарында Республиканың экологиялық заңнаманың негізгі қағидасы ретінде қалдықтарды басқару жүйесімен таныстық. Бұл шығарылымда біз қалдықтардың технологиялық циклінің жетінші, сегізінші кезеңдерімен танысамыз.Қалдықтарды жинау және тасымалдау.
(7-кезең) - Қалдықтар жинау арнайы контейнерлерге жиналатын белгіленген (рұқсат етілген) орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Қалдықтарды тасымалдауды жүру жолы мен қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін болдырмайтын, сондай-ақ қайта тиеу кезінде ыңғайлылықты қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған көлікте жүргізу керек.
Қалдықтарды сақтау (8-кезең) -қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинау.Қауіптіліктің 1-сыныптағы өндіріс қалдықтары герметикалық ыдыста (темір бөшкелер, контейнерлер) сақталады.Толтыру шамасына қарай қалдықтар бар ыдысты темір қақпақпен жабады, қажет болған жағдайда электргазбен дәнекерленеді және қауіпті қасиеттері көрсетілген қауіпті қалдықтары бар орамаларды таңбалауды қамтамасыз етеді.2-сыныпты қауіптілік өндірісінің қалдықтары агрегаттық жағдайға сәйкес полиэтилен қапшықтарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингредиенттердің) таралуына кедергі келтіретін ыдыстың басқа да түрлерінде сақталады.Қауіптілігі 3-сыныпты өндіріс қалдықтарын тиеу-түсіру және көлік жұмыстарын орындауға және зиянды заттардың таралуын болдырмауға мүмкіндік беретін оқшауландырылған сақтауды қамтамасыз ететін ыдыста сақтайды.Қауіптіліктің 4-сыныпты өндіріс қалдықтары конус тәрізді үйме түрінде өнеркәсіптік алаңда ашық сақталады, ол жерден оларды автотиегіш автокөлікке қайта тиейді және кәдеге жарату немесе көму орнына жеткізеді.4-сыныпты өндіріс қалдықтарын тұтыну қалдықтарымен соңғыларын көму орындарында біріктіруге немесе оқшаулау материалы немесе аумақта жоспарлау жұмыстары түрінде пайдалануға жол беріледі.
Сұйық және газ тәріздес күйдегі қалдықтарды герметикалық ыдыста сақтайды және кәсіпорын аумағынан бір тәулік ішінде жояды немесе оларды өндірістік объектіде залалсыздандырады.Қатты қалдықтарды, оның ішінде сусымалы қалдықтарды контейнерлерде, пластикалық, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақтайды, олардың жиналуына қарай жойылады.Кәсіпорын аумағында қалдықтарды уақытша сақтауға арналған орынды жел бағытының ық жағына орналастырады.Қалдықтарды сақтайтын орынға бекітілген алаңды қатты және улы қалдықтар (заттар) үшін өткізбейтін материалмен жабады, ағызу құрылғысы және тазарту құрылыстарына қарай еңкейіп тұрады.Алаңдардан жалпы нөсер бұрғышқа жер бетіндегі ағынды жіберуге жол берілмейді.
Алаңнан беткі ағын үшін уытты заттарды аулауды, тазартуды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді.Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашын мен желдің әсерінен қорғауды көздейді.Өндіріс қалдықтарын сақтау орындарында стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсіру механизмдері көзделеді.Өндірістік объектілердің алаңдарында қалдықтардың жиналу және сақтау шарттары қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасымен айқындалады.Өнеркәсіптік алаң аумағындағы қалдықтардың рұқсат етілген санын уыттылық деңгейі бойынша қалдықтарды жіктеу негізінде кәсіпорын анықтайды.Қалдықтар полигондарындағы қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды өндірістік объектінің өндірістік зертханасы не аккредиттелген зертхананы тарта отырып жүзеге асырады.