Атмосфералық ластануының көздері мен жіктелуі Экологиялық қауіпсіздікке қадам басу

«Адам. Қоғам. Табиғат» шығарылымдарының алдыңғы айдарында біз табиғи ортаның ластанукөздерімен таныстық. Осы шығарылымнан бастап, біз кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздік жүйесін кезең-кезеңімен қарастырамыз, оларды қолдану оны өндірудің экологиялық деңгейі, оның табиғатты қорғаудың экологиялық тиімділігі туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді кешенді, уақтылы және дұрыс бағалауды қамтамасыз ететіндігін қарастырамыз.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қазіргі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік адамның өмірі, денсаулығы және тіршілік ету жағдайлары сақталған жағдайда, қоғамды, оның қоршаған ортаға әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғау кезінде ғана іске асырылуы мүмкін.

 

Тұрақты негізде қалдықтарды бөлек жинау


Экологиялық қауіпсіздікті іске асырудың бірінші қадамы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілі – тұрақты негізде бөлек жинау болып табылады. Ең басты міндет ― қоқыс фракцияларын бөліп, тиісінше оларды бір контейнерге тастамауды үйрену. Осы талапты орындауға барлық табиғатты қорғау құзырлы органдарын - ҚР Энергетика министрлігі, экология департаменттері мен экологиялық қауымдастықтары шақырады.
Қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау оларды қайта өңдеу жөніндегі міндеттерді едәуір жеңілдетеді, өйткені барлық жиналған қоқыс полигон мен жинау орны арасындағы қашықтыққа байланысты тікелей қайта өңдеу жөніндегі зауытқа немесе сұрыптау орталығына немесе қоқыс тиеу станциясына жеткізіледі. Сұрыптау орталықтарында қоқыс қабылдағыш арқылы сұрыпталған қалдықтарды үлкен автоконтейнерлерге қайта тиеу жүзеге асырылады. Осының арқасында олардың орынжерінен полигонға жеткізу, кәдеге жарату үшін көлік шығындары айтарлықтай қысқарады.
Ал қалдықтар қайта өңдеу зауытына түскенше, алдын ала сұрыпталған болғандықтан, оларды сұрыптауға арналған шығындар да азаяды, бұл қайта өңдеуге өте тиімдірек болады.

 

Қоқысты сұрыптау ережесі


* Барлық тамақ қалдықтары, сондай-ақ басқа да органикалық қалдықтар сияқты, мысалы, шөп, жапырақтар, сондай-ақ қағаз майлықтар мен сүлгілер бірге тасталуы тиіс .
* Шыны бөлек контейнерге тасталуы тиіс.
* Қағаз бен картон қағаздан қалған қоқыстар бөлек жиналуы керек
* Пластиктен және металдан жасалған қаптамалар қайта өңдеуге жарамды болып табылады, сондықтан ол жеке контейнерлерге жиналуы тиіс .
* Батареялар, сынап шамдары және қоршаған ортаға қауіпті заттар бөлек контейнерлер жиналуы тиіс .
* Қайта өңдеуге жарамсыз қоқыс бөлек жиналуы тиіс.

 

«АлЭС» АҚ-да ҚТҚ қалдықтарын бөлек жинауды ұйымдастыру»


«АлЭС» АҚ-да ҚТҚ бөлек жинау рәсімін енгізу үшін мынадай іс-шаралар өткізілді:
* өндірістік департаменттердің арнайы алаңдарында бір - бірінен түстері бойынша ерекшеленетін контейнерлер сатып алынып, орнатылды: «сары» - шыны сынықтары үшін, «жасыл» - тамақ қалдықтары үшін, пластикалық қалдықтарға арналған металл торлар;
* барлық орнатылған контейнерлер таңбаланған(қол қойылған), қайсысы, қай жерге лақтыру керек екені;
* өндірістік департаменттер мен бас офис аумағында ҚТҚ бөлек жинау және сақтау жадынамасы шығарылды.
* Бас кеңсе және өндірістік департаменттер аумағындаҚТҚ бөлек жинау және сақтау жадынамасы шығарылды.