Топырақты негізгі ластаушылар

Адам. Қоғам Табиғат» айдарының алдыңғы басылымдарында біз жер үсті және жер асты суларының ластану көздерімен таныстық. Бұл басылымда топырақтың ластану көздерімен танысамыз.

Топырақ - өсімдік, жануарлар, микроорганизмдердің және климаттың, іргелі тау жыныстарының әсерінен қалыптасқан жердің жоғарғы қабаты. Бұл биосфераның басқа бөліктермен тығыз байланысты маңызды және күрделі құрамдасы.

зп1

Топырақтың дамуы мен қалыптасуы бірнеше кезеңнен өтеді. Жас топырақ әдетте іргелі тау жыныстарының немесе шөгінділердің ағуының нәтижесі болып табылады (мысалы, аллювиум). Бұл субстраттарда микроорганизмдер, алғашқы өсімдіктер - мүк, шөптер, ұсақ жануарлар қоныстанды. Біртіндеп басқа да өсімдіктер мен жануарлар түрлері енеді, биоценоздың құрамы күрделенеді, минералды субстрат пен тірі организмдер арасында өзара байланысты тұтас сериясы пайда болады.

Нәтижесінде жетілген топырақ қалыптасады, оның қасиеттері бастапқы іргелі тау жынысы мен климатқа тәуелді. Тепе-теңдікке қол жеткізілген кезде топырақтың даму процесі аяқталады, топырақ өсімдік жамылғысы мен климатқа сәйкес келеді. Топырақ ішінде түрлі тіршілік иелері өмір сүретін ететін күрделі тұтас ағзаға ұқсайды.

Топырақ сапасы жақсы сақталуы үшін оның барлық құрамдас бөліктеріндегі зат алмасу процестерінің сипатын білу қажет. Топырақта түрлі тірі ағзалар бар: бактериялар, микро-саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдар, моллюскалар, буын аяқтылар мен олардың личинкалары, жауын құрттары және көптеген басқа азғалар. Осы организмдердің барлығы топырақтың қалыптасуы мен физика-химиялық сипаттамаларын өзгертуде үлкен рөл атқарады.

Адам өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің елеулі бөлігін игергендіктен жқолдан жасалған жасанды экожүйелерде мұндай цикл бұзылған.

Өнімнің осы бөлігінің айналымға қатыспауына байланысты топырақ құнарсызданады. Бұған жол бермеу және жасанды экожүйелерде топырақтың құнарлылығын арттыру үшін адамдар органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданады.

Топырақтың ластануы

зп2

Қалыпты табиғи жағдайларда топырақта болатын барлық процестердің өз теңгерімі болады. Алайда топырақтағы тепе-теңдік күйінінің бұзылуына адам кінәлі.   Адамның шаруашылық және т.б. қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты ластану, топырақ құрамының өзгеруі, тіпті оның жойылуы орын алады.

Тау-кен жұмыстары, кәсіпорындар мен қалаларды салу кезінде құнарлы жерлердің үлкен аудандары жойылады. Ормандардың және табиғи шөптер жабынының жойылуы, агротехникалық ережелердің   сақтамай, жерді қайталап айдау топырақ эрозиясына - құнарлы қабатты сумен және желмен жойлуына әкеліп соғады. Адамның өндірістік белсенділігінің артуы салдарының бірі топырақ жамылғысының қарқынды ластануы болып табылады.

Топырақтың негізгі ластағыштары - металдар және олардың қосындылары, радиоактивті элементтер, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланатын тыңайтқыштар мен пестицидтер. Ең қауіпті топырақты ластаушы заттар құрамында сынап пен оның қосылыстары бар. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, темір сынаптары мен оның әртүрлі қосылыстарынан тұратын өндірістік қалдықтармен кіреді. Қорғасын арқылы топырақтың ластануы одан да кең және қауіпті. Қорғасын қосылыстары бензинге қоспа ретінде пайдаланылады, сондықтан автокөлік құралы қорғасынмен ластануының

маңызды көзі болып табылады. Әсіресе негізгі магистральды жолдар бойында топырақта қорғасын өлшері көп.

Қара және түсті металлургияның негізгі орталықтарының жанында топырақ темір, мыс, мырыш, марганец, никель, алюминий және басқа металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы ШҰК он есе көп. Радиоактивті элементтер өнеркәсіптік кәсіпорындардың, атом электр станциялары немесе атом энергиясын зерттейтеу және пайдаланумен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелерінің сұйық және қатты қалдықтарын жоюдан немесе   және атом жарылыстарынан жауын-шашынның нәтижесінде топыраққа кіре және онда жинала алады.

зп3

 

Зиянкестерді арамшөптер және өсімдік ауруларымен күресу үшін тыңайтқыштар мен түрлі химиялық заттектерді кеңінен пайдаланатын қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы топырақтың химиялық құрамына айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық саласының айналымына қатысатын заттектер көлемі өнеркәсіптік өндіріс барысына қатысатындардан еш кем түспейді. Пестицидтер (улы химикаттар) ретінде қолданылатын тұрақты органикалық қосылыстар ерекше қауіп. Олар топырақта, суда, су айдынындарының шөгінділерде жиналады.              

            Ауыр металдар негізінен атмосферадан өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларымен топыраққа түседі. Топырақ ауыр металдар мен радионуклидтермен ластанған болса, тазалау мүмкін болмайды. Әлі күнге дейін бір ғана әдіс белгілі: мұндай топыраққа үлкен жасыл масса беретін жылдам өсетін дақылдар себіледі, олар топырақтан улы элементтерді бойына сіңіріп алатындықтан, өнімі жойылады. Бірақ бұл өте ұзақ әрі қымбат тәсіл.

Уытты қосылыстардың қозғалғыштығын және олардың өсімдіктерге сіңірілуін азайтуға болады, ол үшін шымтезек сияқты органикалық заттардың немесе әктастың үлкен көлемін қосу арқылы топырақтың рН деңгейін арттыруға болады. Топырақтың ластанған жоғарғы қабаты жырту кезінде 50 - 70 см тереңдікке түсіріліп, терең топырақ қабаттары жер бетіне көтерілетін жерді терең жырту оңды нәтиже береді. Ол үшін арнайы көп деңгейлі соқалар қолдануға болады, алайда топырақтың терең қабаттары ластанған болып қала береді. Нәтижесінде ауыр металдармен ластанған топырақта (радионуклидтер емес) азық – түлік немесе жем болатын дақылдарды емес, гүлдер өсіруге болады.

зп4