Жер үсті және жер асты сулары ластануының көздері

pic22042019«Адам. Қоғам. Табиғат» айдарының өткен санында біз ауаны негізгі «ластаушы» заттектер көздері және олардың жіктемесімен таныстырдық. Бұл жолы біз жер беті және жер асты суларын ластайтын заттек көздерімен таныстыруды бастаймыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, нормаларға сәйкес келмейтін, сапасыз суды тұтыну әлемдегі барлық аурулардың негізгі себебі болады. Суды ластаушы көздерді анықтау үшін су көздері мен қоса сумен қамтамасыз ететін көздерді қоса қарастыру қажет. Олар: жер үсті, жер асты немесе жасанды деп бөлінеді. Өз қажеттіліктеріне сәйкес жер асты су бассейндерін немесе тау жыныстарында жиналған таза су қорын пайдаланатын адамдардың бес елі бағы бар болса керек. Артезиан суы туралы халық арасында анағұрлым сапалы болып келеді деген ұғым қалыптасқан, ия расында да, артезиан суының ұңғымасына қатты ластаушы қоспалардың түсуіне жол бермейтін, тау жыныстарымен қорғалған, осыған қоса қаладан, өндірістен, егіншіліктен, қоқыс, күл –қож полигондарынан алыс жерлерден тартылған болуы тиіс. Алайда, ол шектен тыс минералды, қаттылығы жоғары, иісі мен дәмі жағымсызнемесе адам ағзасына аса зиянды заттектерді қамтуы да ықтимал. Сондықтан суды үй жағдайында сапалы тазартудың денсаулық, адам ағзасы үшін маңызы аса жоғары. Өзінің қасиеттеріне жағынан бұлақ суы артезиан суына жақын. Судың жасанды көздеріне Израиль және Араб әмірліктерінде қолданылатын суару құрылғыларын жатқызуға болады.

Жер үсті су көздері: теңіз (шығанақтар, бұғазылар), су ағындары (өзендер, бұлақтар, каналдар, су қоймалары (көлдер, тоғандар, су толған карьерлер), батпақтар, табиғи жер асты сулары(гейзерлер, бұлақтар), мұздықтар және қар. Күнделікті тұрмыста, шаруашылықжәне өндірістік мақсаттарда біз су арналары мен су қоймаларынан алынатын суды пайдаланамыз. Алайда беті ашық су олардың сырттан ластануына жол ашатын осал жері.

Суды ластаушы барлық көздер табиғи және адам әрекетінің салдарынан болатын антропо-генді деп екіге бөлінеді. Табиғи ластанулармен табиғаттың өзі ақ күресіп, тазартады, ал адам әрекетінің салдарынан туындайтын ластануларды адам көмегінсіз жеңе алмайды. Жер үсті суларының ластану дәрежесі атмосфералық жауын-шашын, қар мен мұздықтардың еруі және ластаушы заттектердің болуына тәуелді болып келеді.

pic22042019Негізгі ластану көзі ретінде ағынды сулар, қышқылды жаңбырлар, қатты тұрмыстық қалдықтар, мұнайдың төгілуі, жылу және атом электр станцияларының қалдықтары және де анықталуы қиын ауыл шаруашылық жұмыстарын орындау немесе зауыттардың заңсыз шығарымдарының барысында ластаудың басқа да көздердін атауға болады. Суға түскеннен кейін ағзаға әсері мүлдем белгісіз жаңа қосылыстар түзетін өнеркәсіптік және тұрмыстық сарқынды сулардың қаупі тым жоғары.

Құрамында синтетикалық жуғыш заттары бар ағынды сулар әсіресе зиянды. Бейорганикалық заттектердің жинақталуы су мекендеушілеріне теріс әсер етеді, оттегі мөлшерін төмендетеді және жанды ағзасы мүлдем жоқ өлі аймақтардың пайда болуына әкеледі. Кір жуғыш ұнтақтардың құрамындағы фосфаттар су айдындарына түсіп, ондағы балдырларға тыңайтқыш ретінде ықпал етеді. Соның салдарынан балдырлар қаулап өседі, олар өлерде жанды ағзаның барлығын улап өлтіретін метан, күкіртті сутек және аммиактың үлкен мөлшерін бөледі.

Пестицидтерді, минералды тыңайтқыштар мен химикаттарды кеңінен пайдаланатын ауыл шаруашылығы мемлекеттің су ресурстарына орасан зор шығын әкеледі, себебі жер асты суларымен олар су қоймаларына түседі, олардан шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су алынады. Әсіресе бұл проблема-ауылдық жерлерде өзекті. Себебі ауыл халқының 90% ластанған суды пайдаланады.

Судың ластануының алдын алу және тазалау бірқатар коммуналдық мекемелердің міндеті. Қазіргі уақытта су тазартудың негізі тәсілі хлорлау, оны анағұрлым жұмсақ әдістермен алмастыру әзірге мүмкін емес. Алайда хлормен тазартылған суда түзілетін қауіпті хлорлы қосылыстар сүзгі көмегімен нейтралданады.

pic22042019Суды ластаушы көздер тіпті өз үйіміздегі су құбырларында болуы мүмкін. Олардың зиянды ықпалы туралы ойланбауымыз да мүмкін. Ққбырлар арқылы өтетін су металмен реакцияға түсіп, адам ағзасы үшін қауіпті қосылыстар түзеді. Бұрын сумен жабдықтау жүйелерінде қара болат құбырлар қолданылатын, алайда олар коррозия өтебейім келетіндіктен, судың сапасына кері әсерін тигізетін. Қазіргі кезде мырышталған болат құбырлар қолданылады, бірақ олар әкті-көміртекті тепе-теңдік жағдайында ғана өзінің тиімділігін дәлелдеді. Мыс және хромды болат құбырлар тотығуға ең жоғары тұрақтылықпен ерекшеленеді, алайда мыс құбырлар ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жарамсыз. Пластикалық құбырлар сенімді болып көрінгендерімен, оларды өндіруде суға түсуі ықтимал органикалық заттар қолданылады. Оған қоса, микроағзалар құбырлар қуысында көбеюге қабілетті болып келеді. Сондықтан, зиянды заттектері мен қоспалары жоқ жоғары сапалы су жүйесін орнатпайынша таза суға қол жеткізу мүмкін емес.