Қоршаған ортаға ықпал ететін негізгі «ластаушылар» 2

Адам. Қоғам. Табиғат» айдарында біз қоршаған ортаға зиян тигізетін негізгі «ластаушылар» парникті газдармен таныстыруымызды жалғастырамыз. Қазақстан Республикасы халықаралық процестердің толыққанды мүшесі ретінде климат проблемаларын қоса жаһанды міндеттерді шешуде белсенділік танытуда және инновациялық «жасыл» технологияларды енгізу және ішкі көмірсу нарығын дамыту, декарбонизация арқылы ұлттық экономиканы көміртектен «тазарту» бойынша кешенді шараларды қабылдауды талап ететін өр міндеттемелер қабылдап отыр.

Парникті газдар шығарындыларын бақылаудың ұлттық жүйесін әзірлеу үдерісі 2010 жылы маусымда Киото хаттамасын 2009 жылы ратификациялаудан кейін басталды. Шығарындыларды басқару жүйесі – жаңа технологияларды инвестициялау, техникалық мүмкіндіктерді жаңарту және жаңа тиімді өндірістерді құру арқылы парникті газдар шағарындыларын азайту үшін қоршаған ортаны пайдаланушыларды ынталандыратын нарық тетігі.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өнім бірлігі үшін парниктік газдар шығарындысының ерекше факторларына негізделген квота бөлудің жаңа қағидаты болып табылатын ынталандырушы квоталар жүйесін енгізді. Өнім бірлігіне парниктік газдарды шығаратын кәсіпорын басқа кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары, квотаның аз мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаны қорғау жағынан бұл тәсіл «парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша тиімсіз кәсіпорындарды үздік технологиялар енгізу, жаңғырту және жобаларды іске асыруды ынталандыруға мүмкіндік береді». Табиғат пайдаланушыларын парниктік газдар шығарындыларында шектеу жүйенің принципі болып табылады. Шығарындыларды шекті деңгейден төмендеткен компаниялар «пайдаланылмаған» квоталарды басқа компанияларға сата алады. Квота сатып алушылар негізінен өздерінің сандық міндеттемелерін орындауда қиындық көретін компаниялар. Квоталардың Қазақстандық сауда жүйесі - Дүниежүзілік банк қолдауымен Орталық Азия аймағындағы бірінші болып, шығарындыларға арналған сауда жүйесін жетілдіруге, халықаралық деңгейде мойындалған кәсіпорындардың көміртегі саудасына қатысуға ынталандырудың тиімді механизмі ретінде ұсынды. Қазақстан Республикасы шығарындыларды азайту жөніндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді саясатты дамытуға, сондай-ақ 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасауға үлкен күш жұмсады.