"АлЭС" АҚ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспекторы "Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру" тақырыбы бойынша оқудан өтті
2022 жыл "Самұрық-Қазына" Қорының компаниялар тобы үшін "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы" болып жарияланды. Компаниялардың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін, қауіпсіздік мәдениеті бойынша жоғары және орта буын басшыларын оқыту көзделген. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – Қордың әрбір қызметкері үшін күнделікті тапсырма.
"АлЭС" АҚ-да 2022 жылдың күзінде "Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру" тақырыбы бойынша қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспектор оқытылды. Материалды жақсы игеру үшін екі топ ұйымдастырылды.
– Қауіпсіздік мәдениеті – бұл корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі, – дейді "АлЭС" АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев. – Қауіпсіздік мәдениеті белгіленген ережелерді бұзу әрекеттеріне ұжымдық иммунитетті болжайды. Бұл мәселеде инспекторлар құрамының жұмысы үлкен маңызға ие.
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын және оның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуын ынталандырады.
– Тренинг-семинар қарқынды және серпінді өтті. Оқытушы, жоғары деңгейдегі маман "Successful Development Company" ЖШС материалды органикалық ұсынымда бере алды. Біз қауіпсіздік мәдениетінің жаңа жақтарын, өндірісте және өмірде қолдану тәсілдерін аштық, – деп бөлісті "АлЭС" АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова.
"АлЭС" АҚ-да еңбек қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Компания қызметкерлерінің жоғары қауіпсіздік мәдениеті мен тәуекелге бағдарланған ойлауы нәтижесінде нөлдік өндірістік жарақатқа әкеледі.