Өнеркәсіптік қауіпсіздік – оқытудан басталады!

Тиімді және жақсы дайындалған жұмысшылары бар өндірістік компаниялар табысты болады. "АлЭС" АҚ үшін еңбек қауіпсіздігі басымдық болып табылады. Компаниядағы ЕҚ және ТҚ саласындағы негізгі бағыттардың бірі "АлЭС" АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мамандарының өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша оқыту болып табылады. 2022 жылдың көктемінің соңында 33 қызметкер оқудан өтті.

Сабақты тәжірибелі оқытушы Татьяна Андреевна Солодилова өткізді. Бұрын ол ЖЭО-3 электр станциясының техникалық пайдалану жөніндегі аға инспекторы болып жұмыс істеген. Татьяна Андреевнаның энергетика саласындағы жалпы жұмыс өтілі 40 жылды құрайды.

– Қауіпті еңбек жағдайлары бар объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін оқытуға басты назар аударылады, – деп атап өтті Татьяна Солодилова. – Оқыту жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Жұмысшылардың алған білімі мен дағдылары өндірісте туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей, оқытылған жұмысшылар тиімдірек жұмыс істейді және өндірісте өздерінің құндылығы мен құрметін сезінеді.

– Біздің оқытуымыз жоғары деңгейде ұйымдастырылған, "АлЭС" АҚ персоналды даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикеноваға алғысымды білдіремін. Сабақтар өте мазмұнды болды, біз көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білдік. Оқытуды жүргізу кезінде жүк көтергіш механизмдер бойынша көрнекі құралдар пайдаланылады және үлестірме материалдар ұсынылады, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1 ЕҚ және ТҚ бойынша инспекторы Ләйля Оразбаева.

Қызметкерлерді "АлЭС" АҚ-да оқыту жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар заңнама талаптарының орындалуына кепілдік береді, сонымен қатар өндірістік қызмет нәтижелеріне оң әсер етеді.