ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ТҰЛҒАЛАР

«АлЭС» АҚ-да 21 техникалық инспектор еңбек етеді

«АлЭС» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесі бесінші жыл бойы қоғамдық бақылауды және жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Техникалық еңбек инспекторлары бұл жұмысқа белсенді қатысады. Мысалы, Өндірістік кеңес ұйымдастыратын жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайларын тексеруге қатысу. Бұл техникалық инспекторлардың алдында тұрған міндеттердің бірі ғана.

– Техникалық инспекторларды кәсіподақ белсенділері мен білікті қызметкерлерден таңдайды, – деп бөлісті «АлЭС» кәсіподағы» филиалының төрағасы Серік Тымбасбаев. –Біздің техникалық инспекторлар тұрақты негізде еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын бұзушылықтарды, өндірістік процестердің, жабдықтардың, құрылғылардың, құралдардың, шикізат пен материалдардың қауіпсіздігін, қызметкерлердің қорғау құралдарын пайдалану тиімділігін анықтау және алдын алу; қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі лауазымдық міндеттерді және еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нормативтік актілердің талаптарын орындауы жүргізіледі; анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және т. б.

Қызметін атқарып жүрген техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру және жаңадан сайланған техникалық инспекторларды оқыту үшін 2022 жылдың сәуір айында «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінде оқыту ұйымдастырылды. 16 техникалық инспектор оқытылды. Теориялық оқытуды тәжірибелі оқытушы Солодилова Татьяна Андреевна жүргізді. Бұрын ол 3-ЖЭО электр станциясының техникалық пайдалану жөніндегі аға инспекторы болып еңбек етті. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін техникалық инспекторларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді және АлЭС кәсіподағы техникалық инспектор куәлігін берді.

«АлЭС» АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Сәбікенова Жанар біздің компанияда техникалық инспекторларды оқыту тұрақты негізде үшінші жыл өтіп жатқанын атап өтті. Әрқашан жаңашылдықтар пайда болады, инспекторлар өздерінің ізденістерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Техникалық инспекторлар алған білім компанияда қауіпсіз өндіріс пен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшін белсенді қолданылады деп үміттенемін.

– Мен бірінші рет оқудан өтудемін. Қажетті көп мағлұмат алдым. Оқыту қажет деп санаймын, өйткені алған білімнің техникалық инспекторға күнделікті жұмысында пайдасы өте зор. Мен алған білімімді өндірісте қолданғым келеді. Сабақтар маған қай бағытта қозғалу керектігін анықтауға көмектесті», – деді Горбовский Даниил.

«АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері басымдыққа ие. Техникалық инспекторлар маңызды буындардың бірі.