Қауіпсіздік техникасы күні

15 ақпанда «АлЭС» АҚ барлық өндірістік департаменттерінде ай сайынғы қауіпсіздік техникасы күні өткізілді (бұдан әрі – ҚТ күні). ҚТ күнін өткізу бірінші кезекте өндірістік жарақаттың алдын алуға, техниканың бұзылуын жедел жою, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария кемшіліктері анықтау, қауіпсіз өндірісті ұйымдастыруға бағытталады. ҚТ күндерін тұрақты ай сайын өткізу жұмыс орындарында еңбекті қорғау деңгейін арттырудың тиімді алдын алу шарасы болып қала береді.

 

 

 

– ҚТ күнін өткізуге «АлЭС» АҚ бас кеңсесінің, өндірістік бөлімшелердің өкілдері белсенді қатысты. Бекітілген кесте бойынша ҚТ күніне қатысу үшін 1-ЖЭО және 2-ЖЭО департаменттеріне Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, Жөндеу басқармасы, Пайдалану басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Күрделі құрылыс басқармасы өкілдерінің шығуы ұйымдастырылды, – деді Өнеркәсіптік
қауіпсіздік және қауіпсіздік басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.

«АлЭС» АҚ Бас кеңсесінің өкілдері жұмыс орындарына қауіпсіздік техникасының сақталуына, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтарды қауіпсіз пайдалануға, өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне және цехтар мен аумақтардағы өндірістік санитария талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. Кәсіпорын аумағында жұмыс орындау барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын қамтамасыз ету үшін мердігерлердің жұмысына ерекше назар аударылды.

 

– Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен ескертулер анықталды. ҚТ күні 1-ЖЭО 49 бұзушылық және 2-ЖЭО-да барлығы 62 бұзушылық анықталды. Комиссия мүшелері ҚТ күндері бойынша бұрын берілген іс-шаралардың мерзімде орындалуын тексерду, – деді «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Азамат Чакаров.

Барлық бұзушылықтар мен ескертулер ҚТ күнінің қорытындысы бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО департаменттері басшылығының қатысуымен өткізілген кеңесте қаралды және ҚТ күні бойынша бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралармен бұйрықтарға енгізілді. Мердігерлік ұйымдарға анықталған алты бұзушылық көрсетілген және оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдау туралы хаттар жіберілді.