Алматы ГЭС каскады: «Алматы электр станциялары» ақ каскад гэс-нің 65 жылдығына таудай таза энергия

smi-1

Қазіргі өлшемнің өзінде құрылыстың сол кездегі үрдісі жіне оның ұзақтығы әсер туғызады, бұл ретте соғыс болып жатты, оның үстіне соғыстан кейінгі алғашқы жылдар да оңай болған жоқ еді.

– Барлық қиын операциялардың дерлігі қолмен орындалды, процесстер әлсіз механизирленген еді, – деп Каскадтың 1983-1987 жылдардағы директоры Генрих Юрьевич Бородин әңгімелейді. – Жұмыстар негізінде халықтық құрылыс әдісімен жүргізілді: Алматы кәсіпорындарына, ережеге сай, жұмыстардың ауыр тасты-жер және бетон түрлері бекітілген еді. Сол уақыттағы газеттерді хабарламалары бойынша, Каскад құрылысында күні бойы және түні бойы алты мың адам жұмыс істеген екен. Бұл қайсарлы еңбек еді – жоспарлыдан бастап барлық кезеңдерде, өйткені жобалау мен дайындау жұмыстары 1942 жылы «Гидропроект» институтының Ленинградтық бөлімшесімен басталған еді.
жобаның көкейкестілігі 20 жылдардың өзінде анық еді: Алматы ГЭС-нің Каскадын көтеру 1920 жылдың өзінде ГОЭЛРО жоспарымекн қарастырылған болатын, өйткені өткен ғасырдың 30 жылдарында қаланың электрнмен қамтамасыз етудің жалғыз көзі Алматы ЦЭС-і (қазір ЖЭС-1) еді. Қуатты маңызды түрде күшейту қажеттілігі ССР-дың батыс бөлігінен көшірілген зауыттар мен кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету аса қажеттілігіне байланысты туындады. Сол себепті КСРО қорғанысының мемлекеттік комитеті соғыстың басында тауда Каскад ГЭС-нің құрылысы туралы шешім қабылдаған еді. Құрылысқа басшылық еткен осыған дейін күрделі құрылыс жөніндегі ҚазКСР ағарту министрінің орынбасары Жәлел Есенқұлұлы Байғысиев еді.

Каскадтың бірінші кезегін құру негізінде жүйедегі электр энергияның тапшылығын жойды. Келесі он жыл ішінде Каскад дамуын жалғастырды: 1953 жылдың қазанында «Озерная» ГЭС-1 – бұрынғы КСРО-ның бүкіл кеңістігіндегі ең жоғары қысымды гидроэлектрстанциясы; 1959 жылдың шілдесінде – ГЭС-2 іске қосылған еді. Осымен Үлкен Алматы шатқалының су ресурстарының энергия әлеуетін пайдаланатын гидро электр станциясының құрылысы аяқталды. Каскадтың соңғы станциясы, Талғар ГЭС-і жұмысқа 1960 жылы енгізілген еді. Бүкіл Каскад ГЭС қарқынды өсіп жатқан қаланың қуатты энергетикалық тіреуі еді: 1960 жылға дейін Алматы энергия жүйесінің жалпы балансындағы Каскад ГЭС электр станцияларының электр энергияны өндірулері 50-60 пайызды құрады. Мамандармен, Алматы ГЭС Каскадының өмір сүруінің бүкіл кезеңінде 13,5 млрд. астам электр энергиясы өндірілді, бұл бүгінгі Алматы мен өңірдің екі жыл бойғы тұтынуына тең!

– Одан басқа, Каскад ГЭС-і Алматы қ. жылу электр станцияларының өздігінен күшеюіне мүмкіндік береді, – Каскадтың осы стратегиялық маңызды ерекшелігін басқарушы директор Болат Уәлиханұлы Мұқаев атап өтті. – Бұл энергия жүйесінің құлдыруы бар жүйелі апаттар кезінде, көздер толығымен сөнген кезде көкейкесті, өйткені осындай төтенше жағдайда Алматы Каскад ГЭС-і жақын жердегі жылу электр станцияларының жеке қажеттіліктері үшін электр энергияның берілуін қамтамасыз етеді.

Республика үшін ең қиын жылдары Каскадты тұрғызу тарихы – бұл оның құрылысшыларының батылдығы, қайсарлылығы, кәсібилігінің мысалы. Кәсіпорында мақтанышпен Каскад ГЭС-ін тұрғызған және іске қосқан адамдардың есімдерін атайды. Оның жоғары жұмысқа қабілеттілігін қолдаған және қолдайтындар. Осы жерде кәсібиліктің алғаш сабақтарын алып, нәтижесінде әр түрлі салада көптеген сәттіліктерге жеткендер. Бұнда 1943 жылы Каскадтың алғашқы станциясының құрылысына қатысқан 19 жасар әскери курсанттар Василий Шевченко мен Уәлихан Мұқаевты жақсы біледі. Олардың біріншісі нәтижесінде Қазақ КСР-нің СМ жанындағы МҚК Төрағасы болды. Ал Уәлихан Мұқаев энергетикалар әулетінің қалаушысы болды. Оның баласы Болат – Каскад ГЭС-нің қазіргі директоры. Кәсіпорында міндетті түрде Каскад құрылысына іссапарға жіберілген Борис Растоскуев туралы да әңгімені қуана қозғайды. Іссапар ондаған жылға созылған еді. Ол оны Каскадтың қолданыстағы гидроэлектртанцияларының бас инженері болып аяқтаған еді. 1955 жылы Борис Александрович Красноярск ГЭС-нің құрылысына жіберілген болатын.
Бұл жерде ол соғылып жатқан станциялар дирекциясының басшысынан бастап, 360 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ал 1967 мен 1989 жыл аралығында ол станцияның ауыспайтын директоры болған еді. Бірақ, Енисейде бола тұрып, ол алматылық құрылысын жылы есіне түсіреді. «Красноярск ГЭС-і: адамдар мен ақталулар кітабында» ол Алматы ГЭС-і Каскадында былай жазды: «Алматы энергетикасын осы күрделі бөлімше рекордты аз уақыт ішінде аз қуатты дизельді турбинадан бастап электр станцияларының әр түрлі профильді кешенге дейінгі алып қашықтықты жапқыздырған адамдар жасаған. Астаналық энергетиканың алғашқы өтушілері болып мәңгіге мына есімдер қалады Н.М. Макаров, С.С. Набоко, И.В. Файерман, А.О. Арыстанов, Р.М. Саботаев, Б.А. Растоскуев, Г.Х. Хайрулин, бізге күшті электрді сыйлаған көптеген басқа адамдар.

...Бүгін Каскад ГЭС-і қатарда және бұрынғыдай қала мен өңірді энергиямен жабдықтап отыр. Бұл ретте орнатылған бірінші гидроагреттар пайдаланылуда, мамандар құрылыс пен жабдықтың сапасын атап өтуде. Құрамына кірмейтін «Алматы электр станциялары» АҚ өндіруінің жалпы көлемінде Каскад ГЭС-і жыл сайын шығаратын электр энергиясының үлесі 5-6 пайыздан аспайды. Бұл энергияның жаңартылып отырған, жас көздерін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігінің керемет үлгісі. Бұл жерде, Каскад ГЭС-нің болашағы да жарқын екеніне сенеді. Сол себепті қазір ескірген жабдықты қайта құрастыру мен жетілдіру бойынша ТЭО мен ПСД жаңарту жүргізілуде. Жетілдіру Каскад ГЭС-ін жаңартуға ғана емес, сонымен бірге оның өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Cаида Айханова

«Вечерний Алматы» газеті, 2013 жыл , 8 тамыз, №101