Спорт корпоративті рухты арттырады!

2018-10-31 114848

           Футбол – адамның физикалық даму сапасын арттырып, мінезін тәрбиелеп, творчестволық белсенділігін жоғарлататын, шексіз қуаныш пен рахатқа бөлейтін ерекше ойын түрі. Жылдам қозғалыспен ойнайтын спорттың бұл түрі бүгінгі таңда барлық Ғаламшардағы жанкүйерлер мен ойыншыларды біріктіріп отыр. 1-ЖЭО командасы да тысқары қалмады. 2018 жылғы 26 қазандағы демалыс күнінде 1-ЖЭО, сондай-ақ «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ қызметкерлері арасында мини футбол бойынша чемпионат өтті. Сайыс басталмас бұрын 1-ЖЭО Басқарушы директоры Сырғабаев Исахан Ақтанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Турнирге 7 футбол командасы қатысты:

1. 1-ЖЭО ақпараттық технологиялар командасы;

2. 1-ЖЭО әкімшілік-басқару персоналының командасы;

3. «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ жылу автоматика және өлшеулер цехының командасы;

4. «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ турбина цехының командасы;

5. 1-ЖЭО турбина цехының командасы;

6. 1-ЖЭО қазандық цехының командасы;

7. 1-ЖЭО электр цехының командасы.

Жалпы ойын жанкүйерлерді алаңдататындай өтте қызу, қарқынды түрде, жоғары деңгейде өттті. Ең шарықтау шегі 1-ЖЭО ақпараттық технологиялар командасы мен 1-ЖЭО ӘБП командасының арасындағы бас бәйгеге шығуды көздеген сәттегі ойын болды.

2018-10-31 114906

Нәтижеде төмендегі командалық құрамнан тұратын 1-ЖЭО ақпараттық технологиялар командасы жеңіске қол жеткізді:

1. Команда капитаны - Дәулетбаев Жомарт Қайратұлы, өндірісті басқарудағы автоматтандырылған жүйелер жөніндегі жетекші инженер;

2. Бектұров Бауыржан Алдабергенұлы, бас маман;

3. Баясилов Бауырхан Айдарбекұлы, желілік құрылыстар электр монтері;

4. Талдыбаев Жандос Айдарұлы,желілік құрылыстар электр монтері;

5. Тұрлыбаев Дамир, «Мусахан Мониторинг» ЖШС мердігерлік ұйымының технигі.

2018-10-31 114916

Екінші орынды 1-ЖЭО әкімшілік-басқарушы қызметкерлер командасы иеленді, үшінші орынды «Энергожөндеу» ӨЖК 1- ЭЖЖЦ жылу автоматикасы және өлшеулер цехының командасы ұтып алды. Турнирдің жеңімпаздары медальдармен, сертификаттар және кубоктармен марапатталды. Бұл ағымдағы жылдың соңғы ойыны емес деп үміттенеміз. Барлық әріптестеріміздің атынан турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!