ӨТБ: талдау, шешім, тиімділік

   Біз Каскад ГЭС, тұлғалар, дәстүрлер жайлы айдарымызды жалғастырамыз … Бүгінгі материал - өндірістік – техникалық бөлім туралы.

       Егер Каскад ГЭС–ін адам ағзасымен салыстыратын болсақ, онда кәсіпорынның бас миы - Өндірістік – техникалық бөлім. ӨТБ әртүрлі міндеттерді талдайды, олардың оңтайлы шешімін іздейді және кәсіпорынның өндірістік қызметінің технологиялық, режімдік, жөндеу, пайдалану, логистикалық, экологиялық және т.б. сынды барлық салаларын қамтиды.        Бұл тек ағымдағы жұмысқа ғана емес, сонымен қатар келешектегі қызмет барысына тікелей қатысты болады. Келіп түсетін өндірістік-техникалық мәліметтердің негізінде сауатты шешімдерді әзірлеу – аса жауапты миссия.      Мұнда таңдалған мақсаттардың басымдығын 3-4 жылда өзгертуі ықтимал барлық факторларды ескеру қиын алайда өте қажет. Ал келешектегі қызметті жоспарлауға   ағымдағыны жоспарлаудағыдай талаптар қойылады. Бұл мақсаттарға қаражат алдын ала салынады.

       Каскад ГЭС –інің 70 жылдық тарихында ӨТБ басқарған 11 басшы ауысты. Бүгінде оны өз ісінің хас шебері Наталья Григорьевна Часовникова басқарады.

2018-10-18 073021

- Каскад ГЭС –іне мен 2009 жылы ӨТБ инженері болып келдім, 6 жылдан бері  оның  басшымын, - деді Наталья Часовникова.  - Мен жұмысымды, жұмыс орнымды, және бүгінде түгелдей еңбек әулеттері болып жұмыс істейтін адамдарын, жалпы  даңқты тарихы бар  кәсіпорынды бірден ұнаттым.

Жұмыс істей  жүріп өз жұмысыңның маңыздылығы, тапсырылған іске деген жауапкершілік,  кәсіби шеберлік, сондай-ақ, осында жұмыс істейтінің үшін мақтаныш сезімін қамтитын кәсіпорынның  көзге көрінбейтін асмосферасын бойыңа сіңіресің.

Әрине, Каскад ГЭС–інде ұжымдық рух пен өзара қолдау қарым-қатынасының сақталып, жаңадан келген жұмыскерлерге берілетіні қуантады. Мен айналысатын іс  департаменттің өндірістік  қызметінің барлық аспектілерін қамтиды. Қиындықтардың шексіз, ал проблемалардың жасанды  болып көрінетін кезеңдер  барлық уақытта болатын  шығар. Бәлкім, менің алдымдағы басшылар да   мен сияқты  қазіргі  жұмысын осыдан 10, 20, 30 жыл бұрынғы жұмыстарымен салыстырған болар. Ол кезде сметалар бөлек әзірленбейтін. Әр бұранданы сатып алу алдағы 5 жылға жоспарланбайтын. ИСМ болмаған. Алайда уақыт, онымен бірге ӨТБ жұмысына қойылатын талаптар да ілесе өзгереді. Сондықтан бөлім қызметкерлері ағымдағы жұмыстар мен міндеттерді  еңсеріп қана қоймай, әрі қарай оның  құзыретіне енгізілуі мүмкін  қызметтің ықтимал  жаңа  бағыттарын да игеруге дайын болулары тиіс.

ӨТБ-да  жұмыс өте көп, және ол күрделене түсуде. Бөлімде бес адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жаңа жұмысты қателіктер мен түзетулер арқылы таза парақтан бастаған жоқ, өздерінің аға әріптестерінің жақсы мектебінен өткен мықты мамандар. Осы ретте режімдер жөніндегі инженер  Ольга Васильевна Семенованы, Нина Антоновна Саттарованы   және өз білімдері мен мол тәжірибесін жас әріптестерімен бөліскен басқа да көптеген аға буын ӨТБ инженерлерін айтқым келеді.

 Биылғы жылы зейнетке шыққан жөндеулер жөніндегі инженер О.Д.Цойдың орнына ауыр жұмысты  шапшаң үйреніп, бейімделіп келе жатқан, еңбекқор әрі ойшыл Евгений Сенжерлиев келді.   

2018-10-18 073035

       - 2008 жылы мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Электроэнергетика» факультетіне түстім,- дейді Евгений Сенжерлиев. - Екінші курстан кейін Каскад ГЭС-інде электр күші жабдығы тобы     электр машина цехында С.В.Киселеваның басшылығымен алғашқы тәжірибемнен өттім. Маған мамандығым бойынша жұмыс істеген өте ұнады. Қандай да болмасын ақауды жөндегенде өз жұмысыңыздың нәтижесін бірден көре аласыз, бұл жауапкершілікті арттыра түседі. Төртінші курстан кейін Каскад ГЭС-да тәжірибеден өткен цехымда жұмыс істеуге шешім қабылдадым. 2012 ж. Университеттегі оқудан кейін, Каскад ГЭС-де ЭСО инженері болып электр машина цехына жұмыс істеуге келдім.  

       2018 жылдың қаңтарынан бастап ӨТБ инженері болып жұмыс істеймін. Жөндеу жұмыстарын жоспарлаймен, алдағы бес жылдағы бюджет шығыстарын әзірлеумен айналысамын.

Жабдықтарды және гидротехникалық құрылыс обьектілерін, жөндеу көлемін, мерзімдерін анықтау мәселелерін мұқият қараймыз. Тек содан кейін қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлауға және оларды есептен шығаруға кірісеміз. Осының барлығы тиісті тексеру және ақаулық актілерімен расталуы тиіс. Сонымен қатар, жабдықты жөндеуге шығару «Энергонадзор» тарапынан бақыланатын жұмыстар кестесіне байланысты болуы керек. Және осындай тек бір бағытта шешілуі тиіс мәселелер көп. Ұжымымыз біртұтас ұйымшыл команда. Әрдайым сұрағыма жауап ала алатыныма, көмектің боларына сенімдімін.      

Ағымдағы генерациялау режимдерін әзірлеумен инженер Светлана Васильева айналысады. Қолда бар қуаттарды анықтау үшін қазіргі уақыттағы негізгі жабдықтың техникалық мүмкіндіктерін ғана емес, сондай-ақ ҮАК мен барлық келіп құятын тарамдарды су ресурстарының жай-күйін білуі қажет. БАБИ -мен ҮАК-нің жинақтау және ағызу кестесін келісімдеп, оның орындалуына бақылау жүргізу керек. БАБИ «ҮАК бөгетінің декларациясын» (жасалды), «ҮАК су қоймасын пайдалану қағидасын» (жоспарланған) әзірлеуді талап етеді.

Сонымен қатар, «ВО пайдалану жөніндегі АП» МҚК ШЖҚ қабылдау құрылыстарын үздіксіз сумен жабдықтау кестесін ұдайы сақтау қажет - өйткені Каскад ГЭС Алматы қаласының су шаруашылығы жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Бұл қаланың жалпы шаруашылық – ауызсу суын тұтынудың төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Алынатын суды пайдаланатын екінші су пайдаланушылар туралы не айтасыз? Түсінбеушіліктерге жол бермеу үшін олармен тіл табысып, суды пайдалану саласында реттеуші талаптардың сақтау қажеттілігін шыдамдылықпен түсіндіруді айтсаңызшы.

 2018-10-18 073048

          -  Алматы байланыс колледжін  аяқтағаннан кейін 1997 жылы Каскад ГЭС Н.Г.Рагузинаның басшылығымен «Диспечерлік технологиялық басқару құралдары» цехына станция жабдығының электр монтері болып орналастым, АТС қызмет көрсеттім, - деді Светлана Васильева.

          - 2006 жылы Басқарушы директор Б.У.Мукаев ӨТБ есептеулер мен режімдер жөніндегі инженер лауазымын ұсынды. Шешім қабылдау қиын және қорқынышты болды, алайда Болат Уалиханұлы «қолыңнан келеді, көмек  болады» деп сенім артты.

Сол кездері жұмыс істеген Н.А.Саттарова мен О.В.Семенова  өздері жұмыс істейтін ӨТБ  бөліміне және бас инженердің орынбасары Р.Я.Сайфутдинов мені жылы шыраймен жылы  қабылдады. Қазірде де   ол қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді және кеңесін беріп отырады. 2011 жылы АЭжБУ электр энергетикасы мамандығын  сырттай оқып бітірдім. 2014 жылдан бастап ӨТБ жетекші инженері болып жұмыс істеймін. Қазір ауысу туралы шешімнің дұрыс қабылданғанын сенімді айтамын. Мен өз жұмысымды өте ұнатамын, өте жауапты, бірақ қызықты. ӨТБ экология мәселесімен Наталья Митусова айналысады. 

 2018-10-18 073100

1992 жылы қазан айында мектепті аяқтағаннан кейін мен 2-ЖЭО жұмыс істеуге келді, - дейді Наталья. - Колледждің сырттай бөліміне оқуға түсу үшін жұмыс істеу керек болды. Сол кезде ата-анамның оқуыма ақы төлеуге мүмкіндігі болмады. Сол кездері ешкімге оңай болмағаны белгілі. Энергетика саласында жұмыс істеймін деп ойламаған едім. Бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген соң, Энергетика құрылыс колледжіне түсіп, 1997 жылы оны жазда бітірдім. Оқи жүріп тұрмыс құрдым, сәби сүйдім. 2004 жылы Алматы энергетика және байланыс институтына жылу электр станциялары мамандығына оқуға түстім. Тәлімгерім Фирсова Надежда Алексеевнаның арқасында эколог білігін игердім. Ол кісі құрметті демалысқа шыққаннан кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер лауазыман ауыстым.

Каскад ГЭС 2013 жылы ауыстым. Бұрын «Энергетик» санаториінен жоғары көтерілмегем. Алайда Каскадқа келгенде тауларымыздың сұлулығына таң болдым. Каскад ГЭС генерациялаушы обьектілерінің барлығы да таулы және қыратты аймақта орналасқан. Үлкен Алматы көлінің сұлулығын айтсаңызшы! Сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны көру керек! Ал эколог ретінде маған осы сұлулықты сақтау кажет.

2018-10-18 073115

Каскад ГЭС ӨТБ барлық қызметкерлері өз ісінің кәсібилері, техникалық сауатты, бастамашыл мамандары.