Береке басы бірлікте!

       2018 жылдың қыркүйек айының соңында «Богатырь Көмір» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфельдік компанияларының алғашқы тимбилдингін («команда құру») өткізді. Іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2» станциясы ЖШС-нің, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Energy Solutions Center» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС –нің алпыстан астам белсенді жастары қатысты. Іс-шараны «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысының белсенділері ұйымдастырды. Ол Павлодар облысы, Баянауыл ұлттық паркінің аумағында, Жасыбай көлінің жағасында орналасқан Березка демалыс үйінде өтті. «АлЭС» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері Данияр Батыров, Өмірбек Исімбетов, Дмитрий Офицеров және Шыңғыс Рахатов қатысты.

       - Баянауылға барар жолда өзіміз сияқты жастармен таныстық. Жол бойында «Богатырь» разрезінде, бастауда аялдамалар болды, біз табиғат сұлулығына таңданып, бастау суынан ләззат алдық. Тимбилдингті ұйымдастырушылар квест форматында командалық жарыстар өткізді. Қатысушылар бір компанияның қызметкерлері бір командаға түспейтіндей етіп бізді 5 командаға бөлді. Командалар атауын қойып, туын жасағаннан кейін әрқайсысымыз карта бөліктерінің бірін табумен аяқталатын жарыстарға қатыстық. 

2018-10-11 111212 

       Әр жарыс барысында біз өз қиялымызды, ептілігімізді, тапқырлығымызды және командада жұмыс істеу қабілетін көрсетуіміз керек болды. Картаның барлық бөліктерін жинап алып, қазынаны таптық. Байқау таңертеңнен кешке дейін өтті, ондағы локацияларға барлық жерлер, демалыс үйлері мен қоршаған ландшафттың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлдегі катамарандар да тартылды. Байқаудың барлық сатыларында схема жинап алып, нәтижесінде біз достық пен бірліктің белгісі ітпеттес отшашуды іске қостық.

         Таза ауада кешке от айналасында әндер шырқалды, көңілді байқаулар өтті. Сондай-ақ пайдалы мен қажеттіні біріктіре отырып, барлық командалар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Әлеуметтік өзара әрекеттесу және байланыс орталығы (ЦСКА) мамандарынан тренинг тыңдадық. Тимбилдинг финалында ұйымдастырушылар Алматылық қонақтарға, яғни «АлЭС» АҚ және «АЖК» АҚ қызметкерлеріне, көпшіліктің сұрауынша келесі жылы Алматыда осындай шараға қатысуға үміттеніп, эстафетаны табыстады.   «Богатырь Көмір» ЖШС-ға алғысымды білдіремін! Ұйымдастырушыларымыздың арқасында біз уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, бір-бірімізбен танысып, достастық, пікір алыстық, тәжірибемен бөлістік.

       Менің ойымша, «Богатырлықтардың» Тимбилдингі энергетик – еңбекшіл жастардың бірлігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге   олардың кәсібіне және елге деген сүйіспеншілігін нығайтты!» - дейді «АлЭС» АҚ командасының капитаны, жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеулер қызметінің бас маманы Батыров Данияр.

2018-10-11 111409 

 2018-10-11 111430

     - Маған осы Тимбилдингке қатысудың сәті түсті. Ұйымдастырушылар бізді құшақ жая қарсы алды. Баратын жерімізге жеткенше қарсы алушылар бізге әлемдегі ең ірі болып табылатын «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру турын өткізді. Осында жұмыс істейтін жігіттер өз саласының мықты мамандары. Біздің барлық сұрақтарымызға нақты, жан – жақты жауаптар берілді. Орын – жайларымызға орналасып болғаннан кейін кешкі ас барысында әрқайсысымызға өзіміз, ұйымымыз, кәсібіміз және жастар бірлестіктері туралы айту мүмкіндігі берілді. Кәсібіміз энергетикамен байланысты болғандықтан алғашқы күннің өзінде ақ ортақ тақырыптар тауып, еркін әңгімелесіп, араласып кеттік. Кешкілік бағдарлама бізді жұмылдыра түсті.

 2018-10-11 111615

 2018-10-11 111628

Таңертең барлық қолайсыздықтар артта қалды, өзіндік кедергілері бар әртүрлі тапсырмаларды орындау әлдеқайда жеңіл болды, өйткені бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымдасқан жұдырықтай команданың бөлігі болдық. Екібастұздық әріптестеріміз бізді біріктіріп қана қоймай, бір мақсатқа жұмылсақ, түрлі қабілеттерімізді көрсете алатынымызды аңғартты. Көпшілігіміз өзіміз үшін бойымызда жаңа ұйымдастырушылық, шығармашылық, көшбасшылық дағдыларды аштық. Кеншілер жердің ерекшеліктерін қолдануға тырысып, ұмытылмас әсер қалдырды. Іс - шараны ұйымдастырушылар қатысушыларды барынша ынталандырды және қолдады.

 2018-10-11 111748

Оған қоса жергілікті жердің барлық мүмкіндіктерін молынша кеңінен пайдаланғандықтан әр тапсырмадан естен кетпес әсерлер алдық. Жарыстар өте қызықты өтті, біз толығымен жарысқа беріліп, қаладағы қалыпты тынысымызға, күнделікті үйреншікті жағдайларға басқа көзқарас таныттық.

Тимбилдингтің соңғы күнінде біз Баянауыл өлкесінің көрікті жерлерін аралап көрдік. Мен табиғаттың көп қырлы сұлулығы мен ерекше әсемдігіне сүйсіндім, таңырқадым. Шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтті. Кез-келгенімізді осындай кездесулердің жалғасатыны қанағаттандырды, - дейді 2-ЖЭО РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтер, жастар ұйымының белсендісі Дмитрий Офицеров.

2018-10-11 111757 

         - Бізді - қатысушыларды «Energy Mix», «Energy People», «Six Mix», «Mafia» және «Жасын - Молния» деп аталған 5 командаға бөлді. Жарыстар, ондағы тапсырмалардың қызықты, танымды, пайдалы және көңілді болғаны ерекше қуантты. Бұл шараға қатысушылар жігерлі, тапқыр, алғыр болды. Біздің корпоративтік рухымызды көтерген эмоционалдық және рухани жұмылу сезілді. Жасыбай батырдың ескерткішіне, атақты Қоңыр Әулие үңгіріне, Кемпіртас тауына, Мыстан шатқалына және Жасыбай батырдың қабіріне бардық. Әсерімізді айтып жеткізу қиын әрине, бір сөзбен айтқанда керемет болды! - деп атап өтті жастар ұйымының белсендісі, 3-ЖЭО релелік қорғаныс және автоматтандыру құралдарын жөндеу жөніндегі электр монтері Өмірбек Ізімбетов.

       - «Богатырь Көмірдің» жігіттері бізді жылы, құшақ жая қарсы алды. Екібастұз қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлерін көрсетті. Ротор дөңгелегінің ескерткішін көрдік.

       Тимбилдинг өтетін жерге келіп, орналасып, кешкі алаудың төңірегінде жақсы әңгіме айтып, ән шырқадық. Екінші күні шараға қатысушылар үшін таңертеңгі жаттығу футбол алаңындағы ойыннан басталды. Содан кейін біз бес топқа бөліндік. Мақсатқа жету жолында біз жіптерден команданың капитанын көтере алатын тор тоқыдық, катамарандарда жарыс өткізіп, қолда бар материалдарын билейтін робот құрастырдық, кедергілер кезегінен өтіп, ағашқа өрмеледік. Тапсырмаларды орындай жүріп, біз жасырылған қазыналарды - түрлі құралдарды іздеп, таптық. Нәтижесінде, олардан «Богатырь Көмір» жарқыраған жазуын және отшашуды қосуға мүмкіндік беретін схеманы жинадық. Кешке қарай қатысушылардың барлығы Тимбилдіңгті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Бұл кездесу менің есімде көптеген эмоциялар мен әсерлерге толы, әрине жаңа достар табумен ерекше орын алады», - деді жастар ұйымының белсендісі, ОҚТО ЕҚжәне ҚТ жөніндегі аға инспекторы Шынғыс Рахатов.

2018-10-11 111808

- «АлЭС» АҚ ұжымы ең күшті, белсенді, қайратты әрі табанды болды. Тимбилдинг өткізу тәжірибесі аталған форумға қатысушылардың арасында жігіттерді ерекшелендіріп тұрды», - деді «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бас менеджері, кураторы Әсел Баймахан.

«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының бірінші тимбилдінгін ұйымдастырушылар энергетикалық кәсіпорындардың еңбекшіл жастары арасындағы өзара ынтықмастастықтың берік іргесін қалай алды.