V Спартакиадада IV орын

«AлЭС» АҚ командасы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы кубогы үшін 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласында өткен 5-ші Спартакиадаға белсене қатысты.

Жарысқа «АлЭС» АҚ қоса «АЖК» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Сегрес-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «ВИЭ сервис»
ЖШС спортшылары барлық спорт түрлерінен өткен жарыс түрлеріне қатысты: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат. Нәтижесінде командалық жарыста біздің команда IV орынға ие болды.

2018-09-21 052858

Әйелдер арасындағы үстел теннисінде өз шеберліктерімен танылған 2- ЖЭО автоматтандырылған басқару жүйелері бөлімінің бастығы Наталья Рукосиева (II орын) болды, ал ерлер арасында «Каскад ГЭС» электротехникалық зертханасының меңгерушісі Айгали Ермурзаев (III орын) өнер көрсетті.

2018-09-21 052915

Армреслингте әйелдер арасында 65 кг дейінгі салмақ санатында 3- ЖЭО жөндеу жұмыстарының инженері Светлана Белякова қола медаль алды.

2018-09-21 052931

 Волейболшылар командасы жүлделі  III орынға ие болды. Біздің команда құрамында: 3-ЖЭО бухгалтері  Елена Рябцева, «Энергоремонт» ӨЖК ӨД қызметкерлері Шәкен Қойшыбаев, электрмен дәнекерлеуші Айдос Селеубаев, электрик Еркебұлан Белгібаев, слесір Ерзат Тұрамбеков, слесір Ұлан Бельгібаев, жөндеуші слесір Избасар Алтаев болды. 

2018-09-21 052953

«AлЭС» АҚ спорт командасы жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ өткізетін спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Командадағы жеңімпаздық рух күшті! Келесі маусымда жеңіске жететінімізге сенімдіміз!