Энергетиктер кәсіподағына қарасты «Эдельвейс» балалар лагерінде оқушы балалар үш маусым бойына демалды, олардың жалпы саны 327 жетті. 2018 жылдың 31 шілдесінен бастап 14 тамызына дейін үшінші маусым жалғасты. Әр ауысым бағдарламасы әр маусым үшін арнайы жасалатын авторлық әдістемелерге сүйенді.
Үшінші маусымда Эдельвейс аруы мен мырзасы, IQ жарыстары, спорттық эстафета, футбол және волейболдан спорт жарыстары, құдайлар күні, және тағы да басқа түрлі іс-шаралар өткізіледі, - деді лагердің аға тәрбиешісі Салтанат Буйрабекова. - Дарынды балалар әрдайым есте қалады. Үшінші маусымда әнші Сырым Қасқырбай және Даниэль Бушуев, эрудит Руслан Нұрбаев, пластикасы керемет Анна Наумова және Анна Костюнина. Лагерь жұлдызы алтын дауысы бар Влада Орлова (айтпақшы, ол «Қазақстан Х-фактор» қатысушысы болған) болды. Астананың 20 жылдығына орай іс-шаралар өткізілді. Балалар Қазақстан астанасы туралы сурет салып, эссе жазды. Лагерь маусымдары аса қызықты болғандықтан қайта келушілер деп бар.
Келесі жылы жазда Энергетиктер кәсіподағына қарасты «Эдельвейс» сауықтыру балалар лагері жас жеткіншектерді қайта құшақ жая қарсы алады.