Цифрландыру басымдықта: Алматы 2-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеулер цехы туралы

Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының шұғыл жұмыскерлері станцияның технологиялық параметрлерін өлшейтін құралдардың жұмысы мен жағдайын бақылайды.  Цех мамандары қорғаныс сызбалары мен автоматикасы сызбасын жетілдіреді, бақылаудың жаңа тәсілдерін енгізеді.

2018-08-25 095319 

Фотосуретте солдан оңға қарай: Иргалиев Э.Х., Тагатов С.А., Чембарцев А.А., Масанов В.Н., Абжанов С.Т., Пархоменко Н.М., Дроздова И.В., Сисенбаев С.С., Рахматуллин А.А., Мухамеджанов М.

Алматы 2-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехы 1979 жылы ұйымдастырылды. Ол өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында орналасқан болатын. Өндіріске жаңадан енгізілетін жабдықты жобалауда көмек беру цехтың сол бастапқы кездегі негізгі міндеті болатын.

Аталған цехты басқаруға Гурьевская 2-ЖЭО-дан С.С.Сисенбаев шақырылды, оның қоластында 15 адам жұмыс істеді. Ол 2006 жылға дейін цех басқарды. Сол жылы өзінің мол тәжірибесімен жастармен бөлісу үшін компанияның оқу орталығына ауысты.

             «Серго Сисенбаевичтің өмірлік қағидалары берік болатын, 2-ЖЭО ЖАжӨ цехының бастығы немесе «АлЭС» АҚ мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығының бас маманы болсын, жұмыс проблемалары мен перспективаларын мұқият білуді мақсат тұтып, кез келген учаскеде өмірінің негізгі қызметі сияқты жұмыс істейтін. Барлық жұмыс өзара сенімділік пен талапқа негізделді, Серго Сисенбаевич оңтайлы, ойластырылған және білікті шешімдер табуға тырысатын. Бастаған ісін оң нәтижеге жеткізетін.

         «АлЭС» АҚ-ның оқу орталығында өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, оқытушы кадрларға деген қамқорлығын көрсетіп жұмыс істеді, алайда сабаққа белгісіз себептермен келмеген жұмыскерлерден қатаң түрде сұрайтын», - деп еске алады «АлЭС» АҚ омбудсмені Рамия Төрегелдинова.

«АлЭС» АҚ-ның оқу орталығында өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп, оқытушы кадрларға деген қамқорлығын көрсетіп жұмыс істеді, алайда сабаққа белгісіз себептермен келмеген жұмыскерлерден қатаң түрде сұрайтын», - деп еске алады «АлЭС» АҚ омбудсмені Рамия Төрегелдинова.

2018-08-25 095334

Фотосуретте солдан оңға қарай:  Чембарцев А.А., Ногайбаев А.Е., Ткачев В.М., Рукосуева Н.Б., Тагатов С.А., Сисенбаев С.С., Малых П.Г., Ерилов А.В.

           Бүгінгі күнде  цехта  станцияға  жас болып  келген және өзінің қайратты еңбегімен аумалы – төкпелі  90 жылдары бақылау өлшеу  аспаптары мен  автоматикасы жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен адамдар жұмыс істейді. Атап айтсақ, Саябек Тагатов, Валерий Масанов, Александр Чембарцев, Александр Ерилов, Василий Ткачев, Павел Малых, Самат Абжанов, Талгат Джумадилов, Нурбол Ажибеков және тағы басқалар. Осы кісілердің барлығы да цехтың  түрлі топтарында электр слесір  болып жұмыс бастаған және Серго Сисенбаевич Сисенбаев, Анатолий Петрович Сухушин, Владимир Григорьевич Еремеев сияқты жоғары білікті мамандар мен басшылардың мектебі мен тәлімінен өткен. Бүгінде осы ұстаздарын үлкен құрметпен еске алатын шәкірттердің өздері жас буын мамандарды бақылау – өлшеу аспаптары мен автоматикасы жабдықтарын сенімді әрі дұрыс пайдалануға, жөндеуге үйретіп келеді.

2018-08-25 095344

2006 жылдан бері аталған цехты Саябек Тағатов басқарып келеді. 2-ЖЭО - да Саябек  Амангелдіұлын жүзі жылы, ақ пейілді, сонымен қатар талапшыл әрі жауапты тұлға деп сипаттайды. Ол Атырау облысының тумасы. Алматы энергетикалық институтын «Электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1990 жылы 2-ЖЭО-де жылу автоматикасы және электр механикасын өлшеу цехынан бастады. Цех шебері, аға шебері, цех бастығының орынбасары қызметтерін атқарды, қазіргі уақытта ЖАжӨЦ бастығы болып жұмыс істейді.

         «Осы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын, - дейді ол. Жұмысы мен қызығушылығы – хоббиі жайлы сұрағанда   Саябек   Амангелдіұлы таңданың қырап, екеуінің бір екенін айтады. Оның бастамасымен «Ovation» бағдарламалық және аппараттық кешені іргесінде желдеткішті градирня мен №8 казан агрегатының технологиялық процестерін автоматты басқару жүйелеріне зерттеу жүргізілді және өндіріске енгізілді, сонымен бірге PCS-7 бағдарламалық – техникалық кешенді қолдана отырып, жаңа бойлерлік пен су дайындау құрылғысының технологиялық процестерін басқару жүйесі де автоматтандырылды.

Моральді тозған құрылғылар мен датчиктердің басым көпшілігі оттегі талдағышы Oxymitter-4000, механикалық шамаларды өлшегіш ЛМЗ-97 аппаратурасы сияқты микропроцессорлық жаңа құрылғыларға ауыстырылды. С.Тағатовтың басқаруымен 2-ЖЭО–да деректерді жинап, «АлЭС» АҚ диспетчерлік жүйесіне беру үшін электр энергиясын коммерциялық есептеудің ЭКЕАЖ сынды жаңа заманауи жүйесі енгізілді. Цех ұжымы 2-ЖЭО БӨАжА жабдығына көлемді жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Саябек Тағатов Энергетика министрлігінің және «АлЭС» АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталған.


Жылу автоматикасы және өлшеулер цехының (ЖАжӨЦ) басты міндеттерінің бірі - цех қарамағындағы құрылғыларды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру және олардың сенімді әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз ету. Цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Валерий Масанов пайдаланушы жұмыскерлерге жетекшілік етеді.

2018-08-25 095354

  Валерий Масанов, цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары

        Қазақ техникалық университетін «Технологиялық процестерді  автоматтандыру» мамандығы бойынша аяқтаған Валерий Николаевич   өндірістік учаскеге  қысымды және шығын деңгейін  өлшеу құралдары тобының шебері болып  орналасты. 

2007 жылдан бастап  ЖАжӨЦ бастығының орынбасары лауазымын атқарады.  Оның тікелей басшылығымен  2-ЖЭО – да  жылу  энергиясын коммерциялық есептеу жүйесі  (ЖЭКЕАЖ)  енгізілді.

         Валерий Масановтың қарамағындағы пайдаланушы жұмыскерлер жабдықтарды жаңа заманауи жабдыққа ауыстыруды жүзеге асырады. Мысалы, Метран-150 зияткерлік датчиктері қойылды, Метран-910, Метран-961 аспаптары орнатылды.  Валерий Николаевич жұмыскерлерді  жаңа әдістер  және өлшеу құралдарымен жұмыс істеуге үйретуді ұйымдастыруға жетекшілік етеді, өз жұмыскерлерін  тапсырылған  іске жауапты болуға,  жабдықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

2018-08-25 095404

Александр Чембарцев, өндірістік учаскенің аға шебері

Пирометрия тобы станциядағы бүкіл жабдықтың температурасына бақылау жүргізеді, оларды және химиялық бақылау, діріл аспаптарын да жөндеуден өткізіп, күйге келтіреді. ЖАжӨЦ аға шебері Александр Чембарцев Қазақ Политехникалық институтын аяқтаған соң 1992 жылы 2- ЖЭО –ға Пирометрия тобының шебері болып орналасты.

Александр Чембарцев өзінің электр дәнекерлеушілер тобымен қазандарда жаңа бойлерліктің   газталдағыштарын әзірлеу мен талдауға, турбиналарда дірілді бақылаушы жаңа аппаратура мен температураны бақылайтын жаңа аспаптарды онатуға қатысты.

2007 жылдан бастап ол аға шебер және цехтың жөндеуші жұмыскерлеріне басшылық етеді.

           Пирометрия тобында білігі мол және жауапкершілігі жоғары білікті жұмысшы Василий Ткачев жұмыс істейді.

2018-08-25 095417

Василий Ткачев, электр станция автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызет көрсету жөніндегі 8 дәрежелі электр слесірі

- 1994 жылы ОКТУ тәмамдағаннан кейін 2-ЖЭО - ға Технологиялық қорғау, сигнализация және дистанциялық басқару тобына 2 –дәрежелі электр слесірі болып орналастым. Электр сымдары мен электр сұлбаларын,қорғау және бұғаттау жүйесімен таныстым.   Механикалық шамалардың электр аспаптарын жөндедім. 2004 жылы вахтаға ауысып, аға электрикке дейін өстім. 2007 жылы өндірістік қажеттілікке байланысты газ, химиялық талдау мен дірілді жөндеу жұмыстарымен айналысатын Пирометрия тобына ауыстым, қазандықтар мен турбиналарға жаңа қондырғылар орнатып, жаңа технологиялар мен олардың жұмыс істеу тәсілдерін игердім. Жұмысқа қоса, дартс жарыстарына белсене қатысып, 2007 жылы құрметті 1-ші орынға ие болдым.
Қазіргі кезде балаларыма өндірістегі жұмысым, 2-ЖЭО-дегі жаңа технологиялар туралы айтып беремін және осы әңгімемнің Энергетика колледжінің бірінші курсын бітірген, кәсіби қызметін энергетика саласымен байланыстыруды жоспарлайтын ұлыма мамандық таңдауына көмектесетініне сенімдімін, - дейді Василий Ткачев.


          Жаңа жабдықты енгізу және станцияны кеңейтумен байланысты қазіргі уақытта цех персоналының саны 60 құрайды. Компьютерлік технологияны енгізуге байланысты автоматтандырылған басқару жүйелерін (бұдан әрі - АБЖ) бөлімін Наталья Рукусиева басқарады.

2018-08-25 095430

Наталья Рукосуева, Автоматтандырылған басқару жүйелері бөлімінің бастығы

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ны «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірдім - деп бөлісті Наталья Борисовна. 1992 жылы 2- ЖЭО-ге бағдарламашы инженер ретінде жұмысқа орналастым. 2009 жылдан бастап Автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің бастығы болып жұмыс істеймін. Біздің басты мақсатымыз – 2 - ЖЭО үшін жаңа, жоғары сапалы бағдарламалар жасау, станцияда қолданатын бағдарламаларды жетілдіру, энергияны коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйелерін, ЖАжӨ АБЖ бөлімдерінің бағдарламаларын және басқа пайдаланушыларды қамтамасыз ету. 2013 жылы біздің бөлім IT-инфрақұрылымды вертикалды интеграциялау жобасы бойынша жұмыстар атқарды: компьютерлік миграциясын жасау, жаңадан ұйымдастырған ales.s-e. компьютерлік доменге пайдаланушыларын тіркеу мен профильдерін көшіру, сонымен қатар «1С: УПП» сегінші нұсқасын енгізу жұмыстарына қатысты. 2015 жылы біздің бөлім «Метран» аспаптарымен деректермен алмасуға арналған OPC серверін орнатты және күйге келдірді, нәтижесінде, 2-ЖЭО қазандары мен турбиналарының параметрлері SCADA- жүйесіне келіп түседі және шұғыл канал арқылы Бас кеңсенің Диспетчерлік басқармасына беріледі.

2017 жылы жаңа жабдықты пайдалануға беруде (2– ЖЭО «Тепломагистраль – НССО2» жобасы бойынша) АБЖ бөлімі «Ыстық және суық су есептегіштерінен алынатын деректер мұрағатын қалыптастыру» бағдарламасына өзгерістер енгізді, сонымен бірге бюджеттің орындалуына талдау жүргізу үшін 1Cv82 жүйесінде қол жетімсіз 2-ЖЭО пайдаланушылары үшін ыңғайлы нысанда тиянақты талдау жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар кешенін жасады.

Қысым және деңгей шығыны тобы СИ қысымның, вакуумның, сұйықтықтар мен газдың шығынын уақтылы тексереді және калибрлеуді орындайды.

Топтың шебері - Талғат Жұмаділов.

2018-08-25 095441

Талгат Джумадилов, өндірістік учаске шебері

     - Менің еңбек жолым электр станция автоматикасы мен өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электр слесірі қызметінен басталды дейді Талғат Жұмаділов. – 2007 жылдан бері Өлшеу жүйелері тобының өндірістік учаске шеберімін. Біздің басты міндетіміз жылу автоматикасы мен өлшеулер құрылғысының сенімді және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және құрылғыларды өлшеу, жұмыстарды жүргізу уақытын, сапасын қамтамасыз ету және қысым мен деңгей тобының еңбегін ұйымдастыру болып табылады. Менің өз білігімді үнемі арттырып отырамын, Петербургтағы білікті арттырудың энергетикалық институтында «Жылу электр станциялары мен қазандықтарды жылу энергетикалық процестерді автоматты реттеу. Технологиялық процестерді басқару жүйесін автоматтандыру, басқару, бақылау жүйелері, САР реттеу және қабылдау сынақтары» бойынша курс тәмамдадым.

2016-2017 жыл Алматы қаласының Алатау ауданында Универсиада-2017 обьектілерін жылумен қамтамасыз ету үшін жылу магистралінің құрылысы және жылу шықпаларын қайта құру. 2-ЖЭО жылу шықпаларын қайта құру және коллекторлығын кеңейту» жобасына жауапты болдым.

Талғат Жұмаділов БӨАжА қайта құру, жаңарту, жаңа жабдықтар енгізуге бағытталған жобаларға белсенді қатысады.

Автоматты реттеу жүйелері (АРС) тобы станцияның жылу жабдықтарындағы жылутехникалық процестерді автоматты реттеу жүйелерін жөндеу, реттеу және күйге келтіру үшін жауап береді. Топты өндірістік учаске шебері Павел Малых басқарды.

2018-08-25 095452

Өндірістік учаске шебері Павел Малых

- 1987 жылы мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергоқұрылыс колледжіне түсіп, 1991 жылы бітірдім», - деді Павел Малых. – Техникумдағы оқу кезінде Алматы 2-ЖЭО-де өндірістік тәжірибеден өттім. 1991 жылы осы өндіріс орнына автоматикаға және өлшеу құралдарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі 3 дәрежелі электр слесірі болып келдім. ЖАжӨЦ жұмыс уақытында біліктілігімді 3 дәрежелі электр слесірінен 6 дәрежеге дейін жетілдіре алдым. 2005 жылы АРС тобының шебері болып тағайындалдым, сол жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы бітірдім. «АлЭС» АҚ 10 жылдығына орай Құрмет грамотасымен марапатталдым.

ЖАжӨ цехының негізгі міндеті станцияның жылу механикалық жабдықтарын басқару, бақылау және қорғаудың қажетті көлемін, барлық жылу автоматикасы және өлшеу құралдарының жұмысқа қабілетті күйін қамтамасыз ету, сол арқылы негізгі жылу механикалық жабдықтардың сенімді және үнемді жұмысын тұрақты ету болып табылады. Бұл жұмыс учаскесіне технологиялық қорғау, сигнализация және қашықтан басқару тобының қызметкерлері жауап береді. Мұнда жоғары білікті жұмысшылар жұмыс істейді, оның ішінде Нұрбол Әжібеков. Ол 2-ЖЭО- ға жас маман электрик болып келді, қазір ол 1 санатты БӨАжА инженері.

2018-08-25 095502

Нұрбол Әжібеков, 1 санатты БӨАжА инженері

- Мен қарапайым отбасында дүниеге келдім, әкем дәрігер болып жұмыс істеді, анам мектепте сабақ берді. Екі бауырым бар. Әкем медицина қызметкері болғандықтан, біздің әке жолын жалғастыруымызды қалады, оқуымызды жіті қадағалап, химия мен биологияға ерекше мән беруге кеңес берді, бірақ мен үшін физика - математика қызықты болды, - дейді Нұрбол Aжибаев. - Мектептен кейін, әкемнің қалауына қарамастан, мен энергетик кәсібін таңдадым және Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ–ға электр энергетикасы мамандығына оқуға түстім. Аталған оқу орнын бітіргеннен кейін, өз мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым және жеке компанияға байланыс кабельшісі болып орналастым. Компанияда жұмыс істеп жүргенде, мен бірнеше рет 2-ЖЭО–ға сұхбаттасуға келдім. 2010 жылдың маусым айында электрик орны босап, менің жұмысқа қабылданатым туралы жақсы хабар келді. Қуанышымда шек болмады, мен сол күнді есімнен шығармаспын.

2012 жылы БӨАжА инженері болдым. - Басты міндетім цехқа қарасты технологиялық қорғаныс жабдықтарының, сигнализацияны және қашықтан басқару құралдарының жұмыс күйін қамтамасыз ету, бақылау, қадағалау.
2013 жылы Петербург энергетика біліктілікті арттыру институтының Челябинск қаласындағы филиалында «Жылу бақылау және реттеу құрылғыларының жаңа перспективті құралдары және оларды пайдалану мен жөндеу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын бітірдім. Бұл курс маған үлкен шабыт берді деп айтуға болады. Мен біздің саладағы барлық жаңа әзірлемелерді қадағалап, іздене бастадым. Соның нәтижесінде Универсиада-2017 обьектілерін жылумен қамтамасыз ету және №8 қазан агрегаты жабдықтарын орнату мен күйге келтіру жұмыстарына белсене қатыстым, мол тәжірибе жинадым.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты жабдықтарды жаңғырту және қайта жабдықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Цифрлы интеллектуалды бақылау және басқару жүйелерін пайдалану технологиялық жабдықтарды анағұрлым тиімді пайдалануға және станцияның өндірістік мүмкіндіктерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Заманауи микропроцессорлық жабдықтар, оны күйге келтіру және жөндеу персоналдың тиісті дайындығын талап етеді.

Жылу автоматикасы және өлшеулер цехындағы 60 адамның 21 инженерлік техникалық жұмыскерлер, 30 жоғары білімі бар. Алексей Аликин жоғары білікті жұмысшылардың бірі.

2018-08-25 095513

Алексей Аликин, өндірісті автоматтандырылған басқару жүйесі жөніндегі жетекші инженер

- 2004 жылы, «Энергетика және электронды аспап жасау» колледжінің 19 жасар студенті бола жүріп, 2-ЖЭО ЖАжӨ цехының кезекші электр слесірі болып жұмыс істей бастадым, - дейді Алексей Аликин. Осында жұмыс істей жүріп, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің сырттай бөліміне түсіп, 2008 жылы университетті бітіргеннен кейін Технологиялық қорғаныс, сигнализация және қашықтан басқару тобының БӨАжА инженері болдым. Негізгі менің міндеттеріме цех қарамағындағы технологиялық қорғаныс, сигнализация және қашықтан басқару құралдарының жұмыс күйін, техникалық жабдықтар, технологиялық қорғау схемаларын, дабыл және қашықтан басқарудың сенімді және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру болды.

2012 жылдан бері өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде жетекші инженер болып жұмыс істеймін (бұдан әрі - ӨБАЖ), технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру құралдарын пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауаптымын. Ресейдегі Набережные Челны қаласындағы оқу – жаттығы орталығындағы   «Ovation» v.3.5.1» ПТС негізіндегі «КЭР- АТ» ПТК әзірлеу және пайдалану»; Алматы қ. «СИНЕТИК» оқу орталығындағы «SIMATIC S7 SIEMENS контроллерлеріне қызмет көрсету»; Мәскеудегі «Tour on PCS7»; Алматыдағы SIEMENS оқу орталығында «ST7-PRO1 SIEMENS бағдарламалау» курстарынан өткеннен кейін өз бетіммен Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер жүйесін күйге келтіру және қызмет көрсететін болдым, жас мамандарға тәжірибемен бөлісетін болдым.

«Ovation» ПТК іргесінде желдеткішті градирнялардың технологиялық процестерін басқару жүйесін автоматтандыруды күйге келтіруге, SIEMENS SIMATIC PCS 7 бағдарламалық және аппараттық кешен негізінде жаңа бойлерлік және жылу желілерін қоректендірудің ВПУ бойынша технологиялық процестерін басқару жүйесін автоматтандыруға, сондай-ақ SIMATIC S7-300 контроллер негізінде кері осмос құрылғысын автоматтандыру жүйесіне қатыстым, сонымен бірге аталған жабдықты сенімді пайдалануды қамтамасыз ету жұмыстарын атқарамын. Технологиялық процесстерді автоматтандырылған басқару жүйесінің жаңа заманауи жабдықтарымен танысамын, енгіземін және «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. №8 қазан агрегатының ІІІ кезеңі» жобасының технологиялық процесстерін автоматтандырылған басқару жүйесі жабдықтарына қатысты мәселелерді қадағалаймын.

2018-08-25 095528

Цехтың ұйымшыл ұжымы станцияның қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысады. ЖАжӨ цехының командасы екі жылдан бері футболдан бірінші орын алып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын орындау басты мақсат болып табылады. Бағдарламаның мақсаты орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды қолдану арқылы республиканың экономикасын дамытуды жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. «2018-2022 Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі міндеті – өнеркәсіптің және электр энергетикасын цифрландыру.
Алматы ЖЭО–ларының тарихында алғаш рет ЖАжӨЦ қатысуымен 2- ЖЭО-де «Ovation» бағдарламалық-техникалық кешені мен әлемдегі жетекші өндірушілердің PCS-7 басқару жүйесі негізінде бөлінген басқару жүйесі қолданылды.

 

  2018-08-25 095543

Қазіргі уақытта қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды бақылау аса өзекті мәселе болып табылады. «АлЭС» АҚ мен Алматы қ. Экология департаменті, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті арасында он – лайн режимінде өндірістік экологиялық мониторинг туралы деректерді қашықтан беруді ұйымдастыру мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ЖАжӨ цехының ұсынысымен қазіргі уақытта табысты жұмыс істеп жатқан жаңадан қосылған сегізінші қазан агрегатында X-Stream талдауына негізделген жылыстайтын газға мониторинг жүйесі қолданылуда.
Алматы 2-ЖЭО Жылу автоматикасы және өлшеулер цехында керемет, еңбекқор, шығармашыл адамдар жұмыс істейді. Мұндағы әр адам өз орнында, әрбіріне сүйенуге болады, бұл, әрине, табыс кілті. Олар күрделі мәселенің қайсы болмасын шеше алады.