Туған елге саяхат

«Туған елге саяхат» жобасы үш жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биылғы жылы Қазақстан бойынша танымдық әрі қызықты саяхаттың І турына «Алматы электр станциялары» АҚ үш қызметкерінің балалары аттанды: Айнур Беккожаева (14 жаста, Каскад ГЭС электр слесірі Сайлау Беккожаевтың қызы), Мерей Сергаликызы (13 жаста, 3-ЖЭО бу турбиналары машинисі Серғали Керейқұлдың қызы), Манас Жарас (12 жаста, 3-ЖЭО электр слесірі Бакыт Алмабековтың ұлы).

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және көркем жерлері бойынша алғашқы экскурсиялық саяхат 2018 жылдың 15 шілдесі мен 23 шілдесі аралығын қамтыды.

Осы саяхат сапары Қазақстанның барлық өңірлерінен келген бүлдіршіндерді біріктірді.

        2018-08-24 074155

Мен көптен бері Отанымның тарихына, оның көрікті жерлеріне және тарихи орталықтарына саяхат шегуді армандағанмын. Биылғы жылы менің арманым «Туған елге саяхат» жобасының арқасында жүзеге асты, - деп Мерей Серғалиқызы өз әсерлерімен бөлісті. – Экскурсияларымызда ірі қалалар, мұражайлар, кесенелерқамтылды... Біз еліміздің бас қаласы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне барып, Бәйтеректі аралап көрдік. Ал оңтүстік астанамыз Алматыда Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында, Тұңғыш Президенттің саябағында болдық, Шымбұлаққа көтеріліп, зоопаркке барды. Қаасиетті Түркістанда біз Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне және оның төңірегіне бардық.

2018-08-24 074208

 

Ғарыш қаласы Байқоңыр да бізді жылы қарсы алды. Біз халықаралық ғарыш мектебіне бардық, Байқоңыр ғарыш айлағының мұражайын тамашаладық...

 

2018-08-24 074217

Біздің саяхатымызда поезбен жүрдік. Ал біздің тобымыз «Қырандар» деп аталды. Пойызбен саяхат жасаған көңілді болады екен. Біз флэш-моб билеп, ән шырқадық, ойнадық, өзара жарыстық, сөйтіп тамаша уақыт өткіздік. Біздің сапарымыздың соңында жетекшілеріміз әртүрлі байқаулар өткізді. Мен «Ағылшын тілінің білгірі» дипломын жеңіп алдым.

2018-08-24 074227

 2018-08-24 074238

Мен осындай тамаша жобаның барлық ұйымдастырушыларына алғыс айтамын! Біз қатты қуандық, достар таптық және қимастықпен қоштастық, тіпті жыладық.

- Биылғы жылы мен алғаш рет
Астана қаласында болдым, - деп еске алады саяхатты Айнұр Бекқожаева. - ЭКСПО-2017 көрмесінде көптеген қызықты, тарихи ақпараттар жинадым, таңырқадым. Біз түрлі қойылымдар қойдық, би биледік, бұл саяхат естен кетпейтін әсер қалдырды, өте көңілді болды.

Біз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында болдық, мұғалімдеріміздің әңгімелерін өте мұқият тыңдадық. Мен көптеген танымдық бұйымдарды: алтын мен ағаштан жасалған бірнеше шахмат түрін, алтынмен безендірілген киімдер, керемет ұлттық нақыштағы киім үлгілері, алтыннан жасалған қазан және т.б. көріп, халқымның өнері мен дарынына сүйсіндім. ...Осыған қоса, атақты боксшы Геннадий Головкиннің алтын белбеуі мен тау шаңғысы спортшыларының жарақтары ерекше ұнады.

 

 2018-08-24 074248

Байқоңырда біз Юрий Гагариннің ескерткішінің жанында бірге суретке түстік. Белгілі ұшқыштар Ұлы Отан соғысы, қазақ домбырасы, өздерінің өмірлері туралы айтып берді. Маған өте ұнады. Түркістандағы қасиетті орындардың бірі Қожа Ахмет Яссауидің туған жері туралы аңыз әңгіме тыңдадық. Саяхатымыз жалғасып жатты. Алакөлге де ерекше ұнады (көлдің суы тұщы). Мен өте жақсы демалдым. Достасқан балалармен ойнадық, ән айттық, би биледік, уақытымыз өте көңілді өтті. Мен 3-ші топта болдым. Өзімнің жаңа достарымды сағынып та үлгердім. Осы саяхат үшін әкеме арнайы алғыс айтқым келеді.

 2018-08-24 074300

2018-08-24 074312

- Мен «Арлы» тобында болдым, біз 18 бала болдық, - деді Манас Жарас. - «Экспо-2017» біз роботтар көрдік, көп әңгімелестік, саяхатымыз қызық өтті.

Түркістандағы мұражай есімнен кетпейді, Қорқыт атаның домбырасы мен қобызын көрдім, сондай ақ семсерлер мен қыш құмыралар көрдім. Алакөлде шомылдық, ойнадық, ерекше көңілді болды. Бізге тағы цирк келді. Мен көптеген жаңа достар таптым, осындай қысқа уақыт ішінде бір-бірімізге бауыр бастық. Астанаға келгеннен кейін бізге дипломдар мен көптеген сыйлықтар берілді. Маған бәрі ұнады, жетекшілер мен достарыммен қоштасқым келмеді.

 

 2018-08-24 074323

алалардың армандары «Туған елге саяхат» жобасы арқасында жүзеге асты. Жоба ұйымдастырушылары - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қорымен серіктестікте.