Жаңа маусымда – жақсы қорғаныс!

2018-07-10 061645

2018 жылдың 30 маусымында Алматы қаласында әуесқой футболшылар мерекесі өтті. Футбол алаңында КазахПромПром – 2018 II-кубогы аясында сайысқа түскен ҚР ірі компаниялары мен кәсіпорындарының командалары ең мықтыларды айқындады. Алаңда Алматы, Астана, Тараз, Ақсай, Қаражал, Теміртау және Ақжалдан келген 16 команда бақтарын сынады. КазахПром кубогының құрметті қонағы атағы әйгілі Ресей құрамасының және мәскеу клубының қорғаушысы, жеті мәрте Ресей чемпионы – Дмитрий Хлестов болды.

2018-07-10 061703

АлЭС командасы «КазахПромПром – 2018» халықаралық турниріне екінші жыл қатарынан қатысып келеді. Өткен жылы біздің жігіттер Күміс плей-оффтың жүлдегері болды (I-орынды иеленді). Бұл жылы АлЭС командасы 1-ші шағын топқа кірді, Алтын плей-оффта ойнап, IV-орынды иеленді. Бұл нәтижені футболшыларымыздың үлкен жетістігі деп білеміз. Турнирдегі мықты қорғаушы болып АлЭС командасының ойыншысы – 2-ЖЭО турбина жабдықтары бойынша V –разрядтағы машинист-қараушы Иген Абдымомын атанды.

 «Бұл жылы біз бір сатыға болса да көтерілдік. Турнир жарысын Алтын плей-оффта ойнап шықтық. Финалда ойнау оңайға соқпады. Тепе-теңдік дәрежедегі ойын жарыс бойына созылды. Жарыстың мықты қорғаушысы болып таңдалу мен үшін үлкен құрмет. Бұл жалпы командамыздың ұйымшылдығының арқасында қол жеткізген жетістігіміз деп білемін. Келесі жылы да жеңіспен оралатынымызға сенімдімін», - деп команда қорғаушысы Иген Абдымомын өз ойымен бөлісті.  

2018-07-10 061915

2018-07-10 062103