«АлЭС» АҚ басшылығы ұжыммен өткізген кездесуде 2017 жылғы Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөнінде есеп берді

 

2018 жылдың 12 мен 15 ақпанында «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарында 2017 жылдың қорытындысы бойынша және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы алдағы уақыт міндеттері белгіленген жиналыстар болып өтті. Өндірістік департаменттерде өткен Есеп беру кездесулеріне «АлЭС» АҚ Басқарма мүшелері, Омбудсмені, Кәсіподақ ұйымының төрағасы, АРБ бастығы қатысты.

 

«Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі бұл есеп алтыншы есеп. Есепте өндірістік көрсеткіштер мен еңбекақы қорына, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға, қызметкерлерді оқытуға, еңбекке ынталандыру саясатына, ақпараттық ашықтық саясатына қатысты көрсеткіштер көрсетілді. «Алматы электр станциялары» АҚ Әлеуметтік Тұрақтылық Рейтингі (ӘТР) көрсеткіші 83% құрады», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жаңа Жолдауының негізгі және нақты аспектілеріне тоқталды.

 

«Өткен жылы жалпы адамзаттық құндылықтарға, өзара көмек пен жеке тұлғаға құрмет жасау қағидаттары мен Компанияның еңбек ұжымдарында өзара сыйластық пен еңбекке ынталандыру, жайлы жұмыс атмосферасын құруға бағытталған Компанияның Корпоративтік іскерлік этика кодексіне көп назар аударылды. Компания жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің қызметі мен әрекеттері барлық жағдайда жоғары кәсіби стандарттарға және моральдық құндылықтарға сәйкес болу қағидатын ұстанады. Этикалық кодекс ондағы принциптердің іске асырылу механизмдерін қамтамасыз етеді», - деді Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

 

Есеп беру барысында Басқарма Төрағасы және Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Асел Аргинбаева электр және жылу энергиясының тарифтерін қалыптастыру туралы егжей – тегжейлі айтып берді.

 

Есеп беру қорытындысы бойынша сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. Тұтастай алғанда, Есеп беру жүргізілетін жұмыс бағыттарына қолдау білдірген және Компаниямыздың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты дамуына қатысты тілектер мен ұсыныстар жасаған компания қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық туғызды.