Алматы энергетикалық кешенін газдандыру. Алматы 2-ЖЭО –ның қоршаған ортаға әсерін азайта отырып, жаңарту

Өткен жылдың 20 қыркүйегінде өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте, Мемлекет басшысының өңірлер бойынша жұмыс іссапары барысында Алматы қ. әкімдігіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бірлесе отырып, Алматы 2-ЖЭО газға ауыстыру туралы ұсыныс жасау тапсырмасы берілді.

2-ЖЭО - ны газға ауыстырудың мақсаты – қаланың ауасына шығарылатын зиянды шығарылымдарды төмендету, күл қож қалдықтарынқоймалау проблемаларын жою және 2017 жылы Қоғам бойынша жалпы 11% құраған «АлЭС» АҚ көздерінен қала ауасына шығарылатын зиянды шығарылымдар үлесін төмендету.

Аталған жобаны іске асыруға ғимараттың жер асты және жертөле қабаттарында (бір пәтерлі отбасылық және оқшауландырылған тұрғын үйлерді қоспағанда) газды қондырғыларды орналастыруға, сондай-ақ газ және газ құбырларын ғимараттың нөлдік белгісінен төмен дейгейде өткізуге тыйым салатын нормалардың болуы кедергі болып отыр.

Алматы 2 - ЖЭО газға көшіру арқылы, «АлЭС» АҚ орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету аймағын қоса, Алматы қаласын орталық жылумен қамтамасыз ету аймағының барлық жылу беретін көздері негізгі отын ретінде газды пайдаланатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жобалаушы ұйым - «Стройиндустрия» ЖШС- мен алдын ала техникалық - экономикалық негіздемені әзірлеуге шарт жасалды. Соның нәтижесі бойынша Алматы 2-ЖЭО – ның қоршаған ортаға әсерін азайту арқылы жаңартудың оңтайлы нұсқасы таңдалады.

Сонымен бірге Мемлекет басшының тапсырмасын орындау мақсатында General Electric, Mitsubishi Hitachi Power Systems, Mitsui & Co., Hyundai Engineering Co., «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» «Инжиниринг компаниясы» ЖШС, Indar electric, SEPCO1 Electric Power Construction Corporation, THEISEN, DESTCO Group, RWE компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Қазіргі кезде осы аталған компаниялар 2-ЖЭО - ны әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуде.