Сөз өнерін игеру табысқа жету құралы

«Егер сіз көпшілікті шынайы күлдірте алсаңыз,

олар тыңдай бастайды,сонда айтқан сөзіңіз жүрекке жетеді»

Герберт Гарднер

Біздің компаниямыз қызметкерлердің жұмыстағы қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында жаңа білім, білік, дағдыларды игеруге қолайлы жағдай жасайды.

«АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері өткен жылдың соңында «Көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентация жасау дағдылары» тақырыбында ұйымдастырылған курстан өтті.

«Тренингте бізді өз ойыңды сауатты әрі нақты құру, жеткізу, тартымды әрі иландыра сөйлеу, сөздегі кемшіліктерден арылуөзіңді сырттай бақылау және көпшілік алдында сенімді сөйлеу, презентация жасау сияқты өмірде өте қажетті негізгі дағдыларды үйреттіҚызметкерлерді даярлау бөлімінің қызметкерлеріне осындай курста тәжірибелі әрі сауатты оқытушыдан дәріс алғанымызды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Оқыту әдістемесі және көрнекі құралдар тиімді және игеруге қолайлы жасалған. Компаниямыздың атынан республикалық түрлі деңгейдегі іс –шараларда өкілдік ететіндіктен, болашақта осы игерген жаңа біліктеріміздің, көпшілік алдында мүдірмей сөйлеу әдістемесінің, ойыңды нақты әрі сенімді жеткізу дағдысының тамаша құралымыз болатынына сенімдімін», - деп өз ойымен бөлісті «Жарқын болашақ» ЖҰ төрайымы Фариза Ботакараева.

«Біз сияқты жас мамандар үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысы өте қажет. Өкінішке орай, өзімнен де білемін, техникалық саласының мамандары көбінде сөзге шорқақтау келеміз, өз ойымызды толығымен жеткізуге қиналамыз. Алайда жүрген ортаңда сыйлы, сөзің өтімді болсын, қызметте өсем десең сөз өнерін игерудің қажеттігін нақты түсінесің. Сол себепті оны үйренуге үлкен ықыласымыз болды. Мен бұрын көпшілік алдында сөйлеуден қашатынмын, оны қалай жеңу керектігін білмейтінмін. Тренингте сөйлеу қорқынышының негізгі себептерін қарастырдық, енді еркін сөйлеп, ойымды ашық жеткізе аламын. Мен «Жарқын Болаш» ЖҰ - ның барлық іс-шараларына белсенді қатысамын. Мен үшін жастар ұйымы - үлкен отбасы», - деді жастар ұйымының белсенді мүшесі Бағлан Өміров.