«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары жаңа жыл байқауының жеңімпаздары

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында бүлдіршіндердің барлығы сыйлықтар мен ғажайыптар күтеді, Аяз атаға хат жазады, жаңа жылдық сәнді киім киеді. «Самұрық – Энерго» Жергілікті кәсіподақ» ҚБ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорын қызметкерлерінің балалары арасында хаттар мен жаңа жылдық костюмдердің онлайн - байқауын өткізуді ұсынған болатын. Соның арасынан 10 жасқа дейінгі балалардың «Жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз атаға жазылған үздік хат» және «Үздік жаңа жылдық киім» атауларына сайыс жарияланды.

«Жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз атаға жазылған үздік хат» байқауының қорытындысы бойынша Еркебұлан Болат (10 жаста, 1-ЖЭО кадр бөлімінің бастығы А.Айдаболованың ұлы) 1 орынды жеңді, ал Ислам Сапиев (7 жаста, 1-ЖЭО хатшысы Ш.Масимованың ұлы) 2 орын алды. Нұрхан Гафуржанның (4 жасар, 3-ЖЭО ОКЦ бастығы Г.Суюндиковтың немересі) костюмі «Үздік жаңа жылдық киім» байқауында 4 орын алды.

Барлық бүлдіршін ғажайыпқа, ертегіге сенеді. «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары сондай, Аяз атаға жазылған хаттардағы сөздер қарапайым өтініштер емес, бала жүрегіндегі «ең қалаулы» тілек. Ғажайып біз сенетін болғандықтан орындалады!

Еркебұлан Болаттың Аяз атаға жазған хаты, 10 жас

 

Ислам Сапиевтың Аяз атаға жазған хаты, 7 жас

Нұрхан Гафуржан, 4 жаста