Алматы 2-ЖЭО электр техникалық зертханасы электр цехының бөлімі болып табылады. Мұнда релелік қорғаныс және автоматиканың 18 маманы жұмыс істейді. Электр зертханасының қызметкерлері станцияның меншікті қажеттіліктерінің жабдықтары мен бас схемасының элементтерін релелік қорғау және автоматикасымен қоса, жоғары вольтты өлшемдер және күштік жабдықтарды сынаумен, электр қондырғыларын оқшаулау, артық кернеу және найзағайдан қорғау, генераторларды қоздыру жүйелеріне, күштік түзеткіштері мен жиілік түрлендіргіштерді қорғау және басқару жүйелеріне қызмет көрсетуді, станцияның барлық электр жабдықтарындағы электрлік өлшеулерді қамтамасыз етеді. Электр зертханасының кадрларына жүктелетін осындай түрлі және кешенді функциялар қызметкерлер дайындығына белгілі бір талаптар қояды. Сондықтан барлық қызметкерлердің жоғары электр техникалық білімі немесе магистр дәрежесі бар. Электр зертханасы электр цехының жұмысын зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз ететін цех «жүрегі» десек, артық айтпаймыз.
«Релелік қорғаныс қызметінің жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі болмашы қателік тұтастай кәсіпорынның, тіпті қаланың өшірілуіне әкеліп соғуы мүмкін. Біздің кәсібіміз қауіпті әрі күрделі, оған қоса біздің жұмысымызда ұсақ – түйек нәрсе жоқ», - дейді электр зертханасының меңгерушісі Александр Бузинский. - Релелік қорғаныс электрлі автоматиканың негізгі түрі болып табылады, онсыз электр жүйелерінің қалыпты жұмысы мүмкін емес. Сондықтан осы кәсіп иелерінің қызметі сұранысқа ие және маңызды». «Бірде, бозбала кезім, достарыммен әдеттегідей футбол ойнайтын болдық», - деп еске алады Александр Георгиевич. – Ойын арасындағы үзілістердің бірінде әңгімеміз қызды. Сол арада бізден жасы үлкен, бір таныс жігіт энергетика туралы сөз қозғады. Релелік қорғаныс және оның энергия жүйесіндегі маңызы, релелік оператордың сирек әрі қызықты кәсібі жайлы айтып берді. Содан кейін біраз уақыт өтті. Мен мектепті бітірдім, мамандық таңдайтын жасқа келдім. Есіме таныс жігіттің сөздері түсті. Мен оның қызықты әңгімесін ұнатқан болатынмын. Сөйтіп Куйбышев политехникалық институтына «Электр энергиясын өндіру мен таратуды автоматтандыру» мамандығына түсуді ұйғардым. Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен Қызылорда қаласындағы 6 – ЖЭО жұмысқа жіберді. Ондағы ең алғашқы қызметім - релелік қорғаныс және автоматтандыру электр монтері болды. Сол кезде мен Қазақстаннан еш қайда кетпеймін деп шештім. Жыл сайын Ресейдегі туған-туыстарыма, достарыма барып тұрам. Алайда Қазақстан мен үшін ыстық, көп кешікпей Алматыға қайтамын».
1991 жылдан бері Александр Георгиевич 2 - ЖЭО-да жұмыс істейді. 20 жылдан астам уақыт бойы ол электр зертханасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ұлы мен қызы әкелерінің мамандығына қызығушылық танытпады, қызы шет тілдерін игеруді жалғастырып жатыр, қазір ол 4 тілде еркін сөйлейді. Ұлы туризм саласында жұмыс істейді. Оның бар үміті немерелерінде. «Менің 5 немерем бар», - дейді Александр Бузинский, - Мен олардың тәрбиесімен айналысамын. Мүмкін олардың біреуі менің кәсіби жолымды таңдап, релелік оператор болатын шығар».
Александр Георгиевичтің басшылық етуімен бүгінде ауысымда Қазыбек Нүрекен мен Евгений Сергейчик сияқты жас мамандар жұмыс істейді.
Қазыбек Нүрекен, Алматы өңірінің тумасы, онымен мақтанады. Мектеп бітірген жылы елімізде Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен білім беру жүйесінде реформалар жүзеге асырылды. Оларға сәйкес жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға бөлінді. Қазыбек Бірыңғай мемлекеттік тестілеуде жинаған балы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтына оқуға түсті. Алғашқы курсты бітіргенде, ол таңдауының дұрыстығын ұғынды. «Электротехника теориясы мен негізі» оның сүйікті пәні болды. Математикалық және графикалық тапсырмаларды шешу сүйікті ісіне айналды. Оның қабілеттері АЭБИ (қазіргі - АЭБУ) – да оқытушы болып жұмыс істеген әкесінен берілген болуы керек
«Мен институтты бітіріп, 2- ЖЭО–ға келдім, жұмысқа қабылдандым. Сол уақыттан бері Уақасов Тілеуберді Егінбайұлының басшылығымен электр цехында жұмыс істеп келемін. Шынымды айтсам, басқа кәсіпорын туралы ойламаймын да, осы жұмысымды ұнатамын».
Электр техникалық зертханасында жұмыс істейтін жас мамандар арасынан өзінің кәсіби біліктілігін көрсеткен Евгений Сергейчикті атауға болады. 9-сыныптың соңында өзінің сынып жетекшісімен салмақты әңгіме болғанын еске алады. «Сен ақылың бар жігітсің, өзің таңдау жаса: екі жыл бойы мектеп табалдырығын тоздырып, 11 сыныпты аяқтайсың ба, әлде сүйікті мамандығыңды табу үшін колледжге оқуға түсесің бе», - деген екен ұстазы. Бастапқыда Евгений банкир болғысы келді. Бозбалалардың арманшыл келетініндігін ескерсек, банкте жұмыс істеу сондай армандардың бірі болған шығар.
Алматыдағы колледждердің тізімін қарастыра отырып, оның көзі «Алматы энергетикалық және электронды аспап жасау» колледжін шалып қалды. Сол уақытта «Энергожөндеу» ӨЖК ӨД жұмыс істейтін әкесімен кеңескеннен кейін, жоғарыда аталған колледжге құжаттарын тапсырды. Сөйтіп «Электр станциялары мен қосалқы станцияларды пайдалану» мамандығын игеріп шықты, содан кейін курстастарының бірі оны электр жабдықтарын орнату компанияларын біріне жұмысқа шақырды. Ол жерде 2 жылға жуық жұмыс істеп, Евгений жоғары білім алуға шешім қабылдады.
2010 жылы Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің түлегі Евгений тұрақты еңбекақы іздеп 2-ЖЭО-ға келді. Алғашқы вахтада жұмыс істеген кезінде станция жабдығымен және оның орналасуымен танысты. Содан кейін оны күні бүгінге дейін жұмыс істейтін электр техникалық зертханаға жіберді. «Релелік қорғаныс - бұл электр жүйесіндегі бүлінген элементтерді жылдам анықтап, ажырататын автоматты құрылғылардың кешені. Сондықтан релелік қорғаныс және автоматика мамандарының жұмысы схемаларды талдау, күнделікті даму, ізденіспен байланысты тұрақты ақыл-ой еңбегі, өте қызықты жұмыс.
Мен Чувашия Республикасы Чебоксары қаласында «110-220 кВ кернеу класындағы станциялық жабдығын релелік қорғау және автоматикасы» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курстарына оқуға жіберді. Екі апта бойы біз терминалдық қорғаныстарды өндірумен айналысатын «ЭКРА» зауытында болдық. Көп нәрсе көрдік, көпті үйрендік. Сондықтан жастарға болашақта атқарған жұмысымен қанағаттану үшін мамандықтарын дұрыс әрі саналы түрде таңдауды тілеймін. Релелік қорғаныс селективтілікті, шапшаңдықты, сезімталдықты және сенімділікті талап етеді. Сондықтан релелік қорғау және автоматика мамандары электр жүйесінің дұрыс және дәйекті жұмысы үшін осы талаптарға сай болулары керек.