«АЛЭС» АҚ: Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті

2018 жылдың алғашқы күні Федор Егорович Толстых 100 жасқа толды.

Ардагерді мерейтойымен құттықтау үшін «АлЭС» АҚ өкілдері келді. Федор Егорович Толстых әскерге 1940 жылы шақырылған болатын. Иркутск әскери мектебін аяқтап, авиамеханик мамандығын игерді. Истребительдер авиаполкінің құрамында 1945 жылғы шілде – тамызда Жапониямен болған соғысқа қатысты. Алты жылдан кейін запасқа шықты. Соғыс іздері – жарақаттары да бар, ал ерлігі «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Әскери ерліктері үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және «Германиядағы жеңіс үшін» медальдарымен марапатталған. 1951 жылдан бастап және зейнет жасына жеткенге дейін Алматы электр станциясында (қазіргі – 1-ЖЭО) жұмысшы болып еңбек етті. Жұмысшы мамандығына қарамастан, қан майданда қандай ерлік танытса, бейбіт өмірде де дәл солай адал еңбек еткен. Еңбектегі атақтары, ордендері – әскери марапаттарына лайықты.

Федор Егорович 24 жыл бойы бір кәсіпорында жұмыс істеді: «Жұмысқа үйге баратындай баратынбыз. Бұл біздің тату үлкен отбасымыз болатын. Бір бірімізді сыйлап, қолдау жасайтынбыз. Турбина цехында бірге қызмет атқарған Калошниковтар отбасын, Курапатов және тағы басқаларды есіме алып отырамы, - деп ойымен бөлісті ардагер.

«Сіз көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болдыңыз, солардың нақ ортасында жүрдіңіз. Ұлы Отан соғысының отты жолдарын ерлікпен өттіңіз. Соншалықты қиындықтарға қарамастан, өмір сүйгіштік қабілетіңізді сақтай алған, мықты тұлғасыз, - деді Басқарма Төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов, ардагерге зор денсаулық, жақындарының мейірімін, аманшылық тіледі.

Мерейтой иесі осындай құрмет пен қошеметке шынайы ризашылығын білдірді, «Алматы электр станциясы» АҚ басшылығына және ұжымына алғысын айтты.