АлЭС: реттелетін қызметтер тарифінің шекті деңгейін төмендету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2018ж. 29 қарашасындағы №250-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 2018ж. 30 қарашасындағы №415-НҚ бірлескен бұйрығымен жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметіне арналған тарифтердің шекті деңгейі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 850,31-ден 3 694,75 теңге/Гкал-ға дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің 2018ж. 29 қарашасындағы №251-НҚ бұйрығымен «АлЭС» АҚ 2019 жылға арналған уақытша өтемдік тарифінің деңгейі қайта қаралды. Уақытша өтемдік тарифі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, 2019 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге 3 674,75 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз) мөлшерінде бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2018ж. 29 қарашасындағы №252-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 2018ж. 04 желтоқсанындағы №416-НҚ бірлескен бұйрығымен суды магистральды құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметіне арналған тарифтердің шекті деңгейі 2019ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, 60,41-ден 53,09 теңге/ м3 - ге дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендетілді.