Болашаққа бағдармен

2018 жылдың 23 қарашасында «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимов «АлЭС» АҚ кадр резервімен кездесті. Жиналысқа компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінен резервтегі 18 қызметкер қатысты.
- Басшылар кадр резервінің болуы кәсіпорынды басқарудың үздіксіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бос лауазымды орындарға үміткерлерді жоспарлы түрде алдын-ала дайындауға мүмкіндік береді», - деді Басқарма төрағасы Нұрлан Мұхаммед-Рахимов өз сөзінде.

2018-11-29 065710

«АлЭС» АҚ-да басшылар кадрлар резервімен атқарылатын жұмыс перспективті, объективті, алқалылық, тең мүмкіндіктер, еріктілік және жариялылық принциптеріне негізделген.

 

2018-11-29 065731

Басшылар кадр резервіне басқарушы әлеуеті бар компания қызметкерлері, соның ішінде басқарушы лауазымдарға немесе резервтегі бағыттар бойынша жоғары лауазымдарға лайықты жас мамандар. Кадр резервімен жұмыс істеген кезде компания басшылығы қызметкерлердің құзыреттіліктері туралы көптеген пайдалы ақпарат алады және компания талаптарына сәйкес қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту үшін не істеу керектігін аңғарады.

Шақырылған резервистер кездесуде сөз сөйлеп, өз жетістіктері мен жоспарлары жайлы әңгімеледі, сұрақтар қойды.

2018-11-29 065750

Кадр резервімен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, бір жағынан, басқару құзыреттілігікөрсеткішінің индикаторы, ал екінші жағынан тұтастай алғанда кәсіпорын тиімділігінің кепіл болып табылады. Ұйым ішіндегі мансаптық өсудің нақты мүмкіндіктері туралы білу қызметкерлердің жеке құзыреттілігін арттыруға ынталы етеді, қызметкерлерге компанияның адалдық деңгейін арттырады.