Энергия үнемдеу басымдылықта

2018 жылғы 9 қарашада Астана қ. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырған Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форумы болып өтті.

Форум Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге арналған. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы министрлігінің, «Қазақстандық энергоаудиторларының қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық - Қазына» АҚ, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, халықаралық ұйым, бизнес – құрылымдар, қоғамдық ұйым өкілдері және шетелдік сараптамашылар қатысты.

 2018-11-14 115934

«АлЭС» АҚ әлденеше рет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне, «Қазақстандық энергоаудиторларының қауымдастығы» ЗТБ-ға, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ–на энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамалық және нормативтік – құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу ұсыныстарын жасаған болатын – деді Техникалық басқарма бастығы Қайнарбек Керімқұлов. – Форумда біздің ұсыныстарымыз ескерілген «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы ұсынылды. Нақты айтсақ, «жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалануға» тыйым салуды қарастыратын 13 баптың 1 тармағының 1 тармақшасына «42 В дейін кернеуі бар тізбектерді қоспағанда» деген толықтыру енгізілді.

Форумда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру үдерісіне жалпы халықты кеңінен тарту қажеттілігі атап өтілді. Осы бағыттағы жолдардың бірі өнертапқыштық жұмысты жандандыру және қолдау болып табылады.

Өз сөзінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның директоры Владимир Асташов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобындағы өнертапқыштық жұмыстар туралы толығырақ айтып берді. Владимир Асташовтың айтуынша 2018 жылдың 9 айы ішінде еншілес компанияларда 62 өнертапқыштық ұсыныс мақұлданған, солардың арасындағы көшбасшылар - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ - 2 ұсыныс (67 млн. теңге), «АлЭС» АҚ - 23 ұсыныс (48,2 млн. теңге), «Богатырь Көмір» ЖШС - 30 ұсыныс (505,6 млн теңге).

         Форум барысында «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары арасында ең үздік өнертапқыштық ұсыныстар үшін грамоталар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін ұйымдастырды. Марапатталғандардың арасында «АлЭС» АҚ-ның қызметкерлері де болды - Оразалиев Нұрғали Серікбайұлы, «Энергожөндеу» ӨЖК қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің аға шебері және «Энергожөндеу» ӨЖК ӨТБ жобалаушы инженері Берік Қанатұлы Әузе.

 2018-11-14 115948

-   Біз «Механикалық пресс білдекте жоғары қысымды бекіткіш арматура дөңгелектерін, корпусын және соташы тығыздамасын дайындау» өнертапқыштық ұсынысының авторларымыз, - деді Нұрғали Оразалиев. - Біздің ұсынысымыздың мәні - соташы тығыздаманы ауыстыруға қажетті уақытты қысқарту және жабдықтың сенімділігін арттыру үшін жоғары қысымды бекіткіш арматура дөңгелектерін, корпусын және соташы тығыздамасын дайындау».

«АлЭС» АҚ қызметкерлері еңбегінің осындай жоғары форумда мойындалуы компаниямыздың энергетикалық, экологиялық және қаржылық тиімділігін арттырумен қатар «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің бойында жаңа идеялар тудыратын итермелеуші күш болары анық.