«АлЭС» АҚ «Қыс-2018» республикалық командалық – штабтық оқуларға қатысты

2018 жылғы 2 қарашада «Қыс -2018» республикалық командалық – штабтық оқулар аясында 2- ЖЭО –да Алматы қ. ТЖ жөніндегі Департаменті өңірлік тактикалық – арнайы оқулар өткізді. 2-ЖЭО Алматы қ. өміртіршілігін қамтамасыз етуші стратегиялық обьектілердің бірі.

2018-11-07 082104

Оқулардың негізгі мақсаты – азаматтық қорғаныс қызметтерінің қысқы мерзімдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою әзірлігі деңгейін арттыру.

Оқулар барысында апаттық – құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының элементтері пысықталды. Құтқарушылар химия цехындағы аварияны жоюда, көмір қоймасындағы өртті сөндіруде өзара дұрыс әрі үйлесімді әрекеттесу, сонымен бірге сорғы станциясында мазутты қайта аударып құю және көмірдің өздігінен тұтануын шапшаң жоюдың тиімді әдіс – тәсілдерін пысықтады.

2018-11-07 082128

2-ЖЭО құрылымдары, сонымен бірге Алматы қ. азаматтық қорғаныс қызметтері   қысқы мерзімдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою әзірлігі деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.

 2018-11-07 082137

«Қыс -2018» республикалық командалық – штабтық оқуларға «АлЭС» АҚ барлық департаменттері қатысты. «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша оқуларға барлығы 70 – азаматтық қорғаныс құрылымдары, жеке құрам 668 адам, автомобиль, инженерлік және арнайы техниканың 129 бірлігі қатысты.

2018-11-07 082148