«АлЭС» АҚ: мақсатты ұйымдық құрылымға ауысу жобасы іске қосылды

2018-10-18 074827

         Трансформация бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 16 қазанда «Алматы электр станциялары» АҚ мақсатты ұйымдық құрылымға ауысу жобасы өз жұмысын бастады. Аталған жоба 4 кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. Алғашқы екі кезең аяқталды, ол «Самрук-Энерго» АҚ (03.2016 - 10.2017) және «Б.Нуржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (12.2017 - 08.2018) жүргізілді, ал   «АлЭС» АҚ үшінші кезеңде, яғни 10.2018 – 12.2020 ж. аралығында жүргізіледі деп жоспарланған.

Аталған жоба грейдтер жүйесіне негізделген мақсатты ұйымдық құрылым мен еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне өту есебімен ұйымдық периметрде қамтылатын компанияның барлық қызметкерлеріне ықпал етеді.

Жобаны жүзеге асыру барысында Басқарушы комитет келесілерді әзірлейді және бекітеді:

1.   мақсатты процестермен келісілген лауазымдық нұсқаулықтар мен бөлімдер туралы қағидалар;

2.   грейд құрылымдары;

3.   грейд құрылымына негізделген еңбекақы төлеу жүйесі.

Анықтама: «грейд» термині ағылшынның grade, яғни «класс» немесе «дәреже» деген сөз мағынасын білдіреді. Еңбекақы төлеудегі грейдтер жүйесі бір мамандықта немесе лауазымда жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақының бірнеше деңгейін белгілеу дегенді білдіреді. Әр деңгейде — ең төменгесінен бастап жоғарысына дейін — жалпы диапазон шеңберінде айлықтың минималды мөлшері белгіленеді.