Жартылай марафон

2018 жылдың 14 қыркүйегінде таңертең 4000-нан астам  жүгірушілер Тұңғыш Президент саябағына жиналды. Олар қала көшелері арқылы алғашқы «Алматы жартылай марафонын» жүгірді. Оған «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық холдингінен «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығының, «Алматы электр станциялары» АҚ- ның, «АлматыЭнергоСбыт» пен «Алатау Жарық» компаниясының өкілдері қатысты. «АлЭС» АҚ атынан 21 км қашықтықты «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсендісі, «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық – механикалық цехының жобалаушы инженері Жантемір Қайғалтаров бағындырды.

2018-10-16 093723

- Бұл менің алғашқы марафоным. Мен оған  үш апта бойы дайындалдым. Алған әсерлерім әрине  ұмытылмайды. Алғашқы  медальмен марапатталдым. Марафонға қатысушылардың: «Спорт біздің дініміз, жүгіру - біздің дұғамыз» деген ұраны бар. Мен өзімді осындай салауатты қалыпта ұстаймын! Келесі марафонға қатысуды жоспарлап отырмын. Мені қолдауға келген жастар ұйымының белсенділеріне ризамын - деді Жантемір Қайғалтаров.2018-10-16 093749